Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"5 миллион теңге сыйлады": Олжас Абай мен Дариға Бадықова тойда кімнің ерекше сый жасағанын айтты

Дариға Бадықова мен Олжас Абай
Фото: Instagram.com/ochooou_o/

Жақында шаңырақ көтерген танымал актерлер Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйлену тойынан кейін алғаш рет сұхбат берді. Жас жұбайлар тойдың қалай өткенін айтып, өздеріне қомақты қаржы сыйлаған адамның есімін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнерлі жұп тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында отбасылық өміріндегі қуанышты сәттерін бөлісті. Әңгіме барысында журналист тойға келген қонақтардың арасынан кім ерекше сый жасағанын сұрады.

Олжас Абайдың айтуынша, оларға ең қомақты сыйлықтардың бірін Kinopark компаниясының басшысы Алмас Малдыбаев тарту еткен. Ол жас жұбайларға 5 миллион теңге берген.

“Айта берейін бе? Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын дейді. Әулетімізде жақсы жаңалық болды, көріп жатсыздар. Бұл – алғашқы сұхбатымыз, толқып отырмыз. Той жақсы өтті. Халық тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді”, – деді актер.

Сондай-ақ Олжас Абай Алмас Малдыбаевтың өздерінің кино саласындағы шығармашылық жолына қолдау көрсетіп жүргенін атап өтіп, оған көпшілік алдында алғыс білдірді.

“Ең күшті сыйлықты өзіміздің ағамыз, кино әлемінде алға жылжуымызға әсер еткен, Kinopark-тың басшысы Алмас Малдыбаев жасады. Ол 5 миллион теңге қаражат берді. Осы сәтті пайдалана отырып, Алмас мырзаға ризашылығымды, інілік құрметімді білдіргім келеді”, – деді Олжас Абай.

Жас жұбайлардың сұхбаты әлеуметтік желіде қызу талқыланып, оқырмандар оларға ізгі тілектерін арнады.

“Бақытты болыңыздар!”, “Күлкінің өзі кино”, “Қонақтары да керемет екен”, “Шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын”, – деп жазды желі қолданушылары.

Еске салайық, биыл 9 қазанда актер Олжас Абай әріптесі Дариға Бадықоваға сырға салды. 12 қазанда жұлдызды жұп Алматы төрінде дүркіретіп той жасады. 

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 05 Қараша, 2026 18:50