Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Президент бастамасымен қолға алынған кітап марафонына қосылды

Димаш Құдайберген
Фото: Instagram.com/kudaibergenov.dimash/

Әнші Димаш Құдайберген “Кітап оқитын ұлт” республикалық марафонына қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі оқырмандарға суретші, ядролық қаруға қарсы қозғалыс белсендісі Кәріпбек Күйіковтің “Жизнь без рук” (“Қолсыз өмір”) атты өмірбаяндық кітабын таныстырды.

Димаш марафон Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен басталғанын атап өтті. Әнші оған “Парасат” санаты бойынша байқаудан тыс қатысып отыр.

“Мен де марафонға байқаудан тыс “Парасат” санаты бойынша қатысып, белгілі суретші әрі ядролық қаруға қарсы қозғалыс белсендісі Кәріпбек Күйіковтің “Жизнь без рук” (“Қолсыз өмір”) автобиографиялық кітабын ұсындым”, – деп жазды Димаш.

Өнер иесі Қарағандыда кітап авторымен жүздескенін де айтты. Кездесуде Кәріпбек Күйіковтің қайсар мінезі мен рухының беріктігі әншіге ерекше әсер еткен.

“Марафон кітап оқуға, тағылым алуға және ой бөлісуге жол ашсын!” – деген тілек білдірді ол.

Еске салайық, бұған дейін кейуананың қолынан сүйіп, құрмет көрсеткен Димаш Құдайберген көпшілікті сүйсінткені хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сейсенбі, 22 Қыркүйек, 2026 18:00