Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кейуананың қолынан сүйіп, құрмет көрсеткен Димаш Құдайберген көпшіліктті сүйсінтті

Димаш Құдайберген концертте
Фото: Видеодан скриншот

Қарағандыда өткен концертте Димаш Құдайбергеннің үлкен кісіге көрсеткен құрметі желі қолданушыларын тәнті етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

29 тамызда Қарағандыда Кеншілер күніне арналған ауқымды концерт өтті. Сахнада Димаш Құдайберген, Дима Билан, Қайрат Нұртас, Moldanazar және Dequine өнер көрсетті.

Әлеуметтік желіде тараған видеода Димаш көрермендер арасында отырған егде жастағы әйелге жақындап, оның қолынан сүйгені көрінеді. Әншінің бұл әрекеті көпшіліктің ықыласына бөленіп, желіде кеңінен тарады.

Give me your love, апа”, – деп айтқан.

Желі қолданушылары өнерпаздың үлкенге құрмет көрсеткенін атап өтіп, оның тәрбиесіне жоғары баға берді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, концертке шамамен 250 мың адам келген. Бұған дейін қала әкімдігі сағат 21:00 шамасында алаңға 170 мыңға жуық көрермен жиналғанын хабарлаған.

Кейін Димаш Құдайберген Қарағанды тұрғындарына алғыс айтып, әлеуметтік желіде “Рақмет, Қарағанды!” деген жазба жариялады.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 31 Тамыз, 2026 17:59