"Еркек емес – малсыңдар": Димаш Құдайберген әйелге қол көтеретін ерлерді қатаң сынға алды
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әйелге күш көрсетіп, қол көтеретін ер азаматтарды қатаң сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында әйелге әлімжеттік жасауды ерлік санайтындарға үндеу жасады.
Әнші жазбасында әйелге күш көрсету ер азаматқа абырой әкелмейтінін, керісінше адамдық қасиетке жат әрекет екенін айтты.

Ол әлсізге күш көрсетуді батырлықпен немесе ерлікпен байланыстыруға болмайтынын ашық жеткізді.
“Әйелді сабап, соны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?! Жұдырықтарың әйелге ғана жүретін болса, сендер еркек емес – малсыңдар болды. Әйелге әлімжеттік жасап абырой жинаймын деу – адамдықтың ең төменгі шегі!” – деп жазды Димаш Құдайберген.
Туыстарының айтуынша, Мадинаның қайын жұрты қоштасуға келмеген. Бұған дейін Мадинаның құрбысы қыздың отбасындағы жанжалдар туралы айтып, күйеуінен таяқ жегенін мәлімдеген. Құрбысы оның денесіндегі көгерген жерлерді көргенін және жарақаттарының фотосуреттерін алғанын айтқан. Жақындарының сөзінше, соңғы жанжал балаға алынған тәттіге байланысты болған. Мадина "Барни" тәттісін жегені үшін күйеуінің оны ұрғанын айтқан деген ақпарат тараған. Осыдан кейін жас келіншек күйеуінен кетіп, ажырасуды жоспарлаған. Оқиға бойынша Жамбыл облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, адамды суицидке жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу жалғасып жатыр.
Қазақстандық ер адам қолына бұрауыш тығып алып, көз жұмды: Туыстары дәрігерлердің салғырттығына шағымданды