Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте көпбалалы әке 8 жасар қыздың денесіне қол жүгірткен (видео)

Лифттегі оқиға
Фото: Видеодан скрин

Шымкентте 8 жасар қызға қол жүгірткен көпбалалы әке сотталды. Көрші қызға көзі түскен ер адам оған ақша беріп арам ойын іске асырмақ болған. Ересек адамның ессіз әрекетін сезген балақай бірден қаша жөнеледі. Бірақ соның өзінде 56 жастағы тұрғын немересіндей қызды аймалап үлгерген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сәуір айында болған сұмдық жайт көпқабатты үйдің бейнебақылау камерасына жазылған. Тергеу дерегінше, 56 жастағы ер адам ең алдымен қаршадай қызға шоколад алып беремін деп шақырған екен. Артынан еріп, лифтке кірген. Ол жерде де ақша ұсынып, жеткіншекті алып кетуге тырысыпты. Ақыры көнбеген соң лифтіден қашып шыққан оқушыны құшақтап, аймалаған.

“Артынан жүріп бара жатқан кезде бейнеде нақты бейнеленген артынан қалмай жүргені және шалбарын шешкен жері бар. Кішкентай қыздың жауабында да айтқан. Замоктың дауысын естідім. Содан қорқып қаштым деген. Сотталушы өз кінәсін соңына дейін мойындаған жоқ. Былай шынайы өкінген жоқ”, – дейді жәбірленушінің адвокаты Есбол Әбдірахманов.

Үшінші қабаттан баспалдақпен жүгірген 8 жастағы қыз ақыры тоғызыншы қабатқа келгенде амалсыз тоқтайды. Көмек сұрап есіктерді қатарынан қаққан. Абырой болғанда пәтерде адам болып, тұрғындардың бірі шығыпты. Оны көрген ер адам кері айналып кеткен дейді анасы.

“Қыздың қазіргі жағдайы бірқалыпты бірақ еркектерден қорқып қалған. Тіпті 10 жасар балалардан да қорқып қалған. Көшеге шықса да әпкесімен бірге шығады. Қасына еркек жақындаса қорқатын болып қалған. Бұнымен жұмыс істеп жатырмыз. Өтеді деп ойлаймыз. Бірден көшуге мәжбүр болдық. Мектебін де бәрін ауыстырдық”, – дейді жәбірленушінің анасы Феруза Садықова. 

Бұл іс сотта қаралып, айыпталушы 216 мың теңге айыппұлмен құтылған екен. Үкімге келіспеген жәбірленуші тарап қайта арызданып, ақыры әділдік орнады.

56 жастағы көпбалалы әкенің азғындық әрекет жасамақ болғаны толық дәлелденіп, судья оған 7 жыл 6 айға түрме жазасын кесті.

“Бұл кісі екінші топтағы мүгедек, жалғызбасты әке, қарауында кәмелетке толмаған балалар бар. Кәмелетке толмаған балалар қазір Шымкент қаласы білім басқармасының қарауына беріледі. Осы бойынша педагогикалық және кәмелетке толмаған жұмыс істеуге байланысты лауазым құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”,  – деді Шымкент қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Болат Қарабаев. 

Сотталушы екінші топтағы мүгедек. Тұрақты жұмысы жоқ. Бес баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Жұбайы бірнеше жыл бұрын қайтыс болған екен.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер адам автобуста бүлдіршіннің интим аймағына қол жүгірткені туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 22 Қыркүйек, 2026 22:33