Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер адам автобуста бүлдіршіннің интим аймағына қол жүгірткен

автобус
Фото: Видеодан скрин

Алматыда ер адам қоғамдық көліктей кішкентай балаға орынсыз әрекеттер жасаған. Куәгердің айтуынша, ол әуелі бүлдіршінмен ойнаған кейіп танытқан. Ал кейін денесіне және интим аймақтарына қол тигізген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған жағдай қаладағы №129 автобуста болған. Жазба авторының айтуынша, қоғамдық көлікте әйелдің баласы бейтаныс ер адамның жанына отырған. Алғашында ер адам баламен ойнаған. Жолаушы оны баланың әкесі деп ойлапты. Алайда біраз уақыттан кейін ер адам баланың денесіне, оның ішінде интим аймақтарына қол тигізген.

Куәгер баланың анасынан ер адамды оның әкесі ме, деп сұраған. Әйел оның баласына ешқандай қатысы жоқ екенін айтқан. Осыдан кейін жолаушы анасына баламен бірге отырған ер адамның әрекеті туралы айтып берген. Оқиғаға Алматы қаласы полиция департаменті де түсініктеме берді.

“Аталған факті бойынша Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізді. Ер адамның жеке басы анықталып, ол полиция басқармасына жеткізілді. Тексеру нәтижесінде ер адам заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада. 

Полиция нақты қандай әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылғанын хабарламады.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада автобустағы жанжалдан кейін ер адам жолаушы әйелді қуып барып, шабуыл жасағаны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Дүйсенбі, 10 Тамыз, 2026 12:32