"Ажырасып кетті ме?" Блогер Айым Сейітметова оқырмандарын алаңдатып қойды

Танымал актриса әрі блогер Айым Сейітметова отбасына қатысты бірқатар жазба жариялап, оқырмандарын алаңдатып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер кейінгі күндері Instagram парақшасында сырға толы жазба қалдырып жүр.
“Қазір маған еңсе түсіруге болмайды. Өйткені жұмысқа қатысты өз міндеттерім бар, асырайтын балам бар, мені мұндай күйде көріп қиналатын ата-анам бар”, – деп жазды ол.
Ол өмірінде болып жатқан жағдайдың мән-жайын кейінірек бөлісетінін айтты.
“Барлығын кейін бөлісемін. Сіздерді бейхабар қалдыруды дұрыс санамаймын, өйткені сіздер көп сәттің куәсі болдыңыздар. Қолдауларыңызға рақмет”, – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол кейде өзін мүлде күші қалмағандай сезінетінін, бәрін тастап, жоғалып кеткісі келетінін де жазды.
“Бірақ әйелдердің бойында ерекше күш бар. Ең ауыр күндерден кейін де біз қайта тұрып, алға қарай жүре береміз”, – деп жазды ол.
Қазақстандықтардың реакциясы
Өнер иесінің мұндай жазбаларын қазақстандық желі қолданушылары бірден байқады. Олар Threads желісінде түрлі болжам жасап, жарыса пікір қалдырып жатыр.
“Айымға не болды екен, маған оның күйеуі ұнаған емес”, “Талғат Айымға опасыздық жасап, әдемі жұп ажырасып жатыр деген өсекке сене алмаймын”, “Ажырасып кетті ме?” – деп жазған.
Ал кейбір қолданушылары мұны кезекті хайп деп қабылдады.
“Камераға жылап, түрлі жазба қалдырып, өтірік көрініс ұйымдастырып отыр. Жақында сатылымға зат шығаратын шығар”, “Мен оның парақшасына жазылмағанмын, бірақ бүгін арнайы кіріп қарадым. Бұл жарнама, хайп үшін емес деп жазыпты. Бірақ ол бірінші қайғылы жазба жазады да, артынан жарнама салады. Сонда бұл не?”, “Бұл хайп емес дейді де, артынша жаңа тушь шығып жатқанын айтады. нағыз цирк”, – деп жазды олар.
Блогер не дейді?
Ал бүгін блогер жаңа жазба жариялап, қазір өміріндегі күрделі кезеңді бастан өткеріп жатқанын айтты. Алайда ол жағдайдың нақты себебін әзірге ашып айта алмайтынын жеткізді.
“Көпшілік болып жатқан жағдайдың менің отбасылық өміріме байланысты екенін түсінген шығар. Қазір заңдық және сот процестері аяқталмайынша, барлық мән-жайды айта алмаймын. Сондықтан тек қиын кезеңнен өтіп жатқанымды білдіріп, жеке шекарама құрметпен қарауды сұрадым”, – деп жазды актриса.
Сондай-ақ блогер жеке өміріндегі жағдайға қарамастан, жұмысы мен жауапкершілігін тоқтата алмайтынын алға тартты. Оның сөзінше, баласы, командасы және жауап беретін бизнесі бар.
Айым Сейітметова бизнесіне қатысты айтылып жатқан пікірлерге де жауап берді. Ол жеке өміріндегі жағдайды сауда немесе жарнама құралына айналдырмағанын атап өтті.
“Мен ешқашан сатылымды интрига, ажырасу, жанжал немесе отбасылық мәселе арқылы құрған емеспін. Бұл – менің жұмыс істеу тәсілім де, құндылығым да емес”, – деді ол.
Блогер өзіне тағылған “жарнама үшін әдейі осылай істеп жүр” деген айыптаулардың шындыққа жанаспайтынын айтты. Ол оқырмандарынан экранның ар жағында да қиын кезеңді бастан өткізіп жатқан тірі адам бар екенін ескеруді сұрады.
Әзірге Айым Сейітметова отбасылық жағдайына қатысты нақты шешім немесе толық ақпарат жариялаған жоқ. Сондықтан желідегі ажырасу туралы әңгімелер тек оқырмандардың болжамы күйінде қалып отыр.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды