Павлодар облысындағы сүт фермасында кәріз құдығында жұмыс істеген 6 адам мерт болды
Павлодар облысында кәріз құдығының иісіне алты адам уланып, қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Павлодар облыстық полициясы Жоламан ауылында алты адамның қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қосымша мәліметтер әлі жарияланған жоқ.
Оқиға Aktogai Milk сүт фермасының аумағында орналасқан кәріз құдығында жұмыс жүргізу кезінде болған. 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған ер адамдар мерт болған. Қаза тапқандардың ең жасы – 16 жаста.
1988 жылы туған тағы бір ер адам аман қалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ол орташа дәрежедегі көмірқышқыл газынан улану диагнозымен Ақтоғай аудандық ауруханасында ем алып жатыр.
Aktogai Milk фермасының иесі облыстық мәслихат депутаты екені белгілі болды.

Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Александр Терентьев "Стальмонтаж", "Ақтоғай-Агро" және Aktogai Milk компанияларының бас директоры екен. Ол қызметкерлердің қазасына қатысты көңіл айтып, зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететінін мәлімдеді.
Намаз оқып, қызды салауатпен ұзатқан: Қазақстандықтар арасында тойдағы әрекет талқыға түсті (видео)
