Астанада жаңа туған сәбиін кәрізге ағызды деп күдікке ілінген әйел ұсталды
Астанада алты айлығында босанып, нәрестесін кәрізге ағызды деген күдікке ілінген 29 жастағы әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицейлердің мәліметінше, шақалақты қонақүйлердің бірінің кәріз жүйесіне тастады деген күдікке 29 жастағы әйел ілінген.
“Құқық қорғау органдары нәрестенің мәйіті табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жантүршігерлік оқиғаны кеше елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары анықтаған. Олардың болжамынша, нәрестенің мәйіті көрші орналасқан қонақүйден кәріз құбырлары арқылы түсуі мүмкін. Қазір тергеушілер қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Ал ұсталған әйелден жауап алынуда”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Астанадағы сұмдық жағдай тұрғындарды дүр сілкіндірген еді. Олар кәріз жүйесінен нәрестенің денесін тауып, қонақүйдің бірінде босанған әйелдің ағызып жібергенін топшылады.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын