Павлодар облысында кәріз құдығында жан тапсырған алты жұмысшының несиесі өтеліп, биылғы жалақысы төленеді

Павлодар облысында кәріз құдығында өлген алты адамның несиесі өтеледі. Оларға арнайы материалдық көмек беріліп, жыл соңына дейінгі жалақысы төленеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ал марқұмдар қызмет еткен сүт фермасы кәмелетке толмаған балаларының 18 жасқа дейінгі күтімі мен білім алуына байланысты барлық шығынды өз мойнына алып отыр. Облыс әкімі де қайғылы оқиға болған орынға барып, қаза болған азаматтардың отбасымен кездесіп, көңіл айтып, жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Кеше түсте Ақтоғай ауданындағы Жоламан ауылында кәріз құдығындағы газдан уланып алты жұмысшы көз жұмған. Үшеуі бір үйдің адамы – әкесі мен екі баласы. Жетінші жұмысшы Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілген.
“Өңір басшысы Асайын Байханов Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментіне, полиция департаментіне және прокуратураға аталған оқиғаны тергеуді ерекше бақылауға алуды тапсырды. Қайғылы оқиғаның мән-жайын жан жақты әрі обьективті анықтауға және еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзуға жол берген кінәлі тұлғалардың жауаптан жалтаруына жол бермеуді міндеттеді”, – Павлодар облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла