Қазақстандық туысының қалжыңына бола ер адам қамауға алынып, көлік жүргізу құқығынан айырылды
Жамбыл облысында мемлекеттік нөмірдегі әріпті өзгерткені үшін жүргізуші үш тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ер адам Volvo жүк көлігімен "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автожолымен келе жатқан кезде полиция қызметкерлері оны тоқтатқан. Тексеру барысында олар көліктің мемлекеттік нөміріндегі әріптердің бір бөлігін жауып тұрған кішкентай қағазды көрген.
Нәтижесінде нөмірдегі "Е" әрпі көзбен қарағанда "F" әрпіне ұқсап кеткен. Салдарынан жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Ер адам өз кінәсін мойындады. Алайда мемлекеттік нөмірдегі қағазды өзі байқамаған. Оның сөзінше, қағазды көліктің нөміріне әйелінің інісі әзілдеп жапсырып қойған.

Сот жүргізушіні Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған үш тәулік әкімшілік қамауға алынып, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Бұған дейін Алматыда жалған мемлекеттік нөмірлер сатқан күдікті ұсталған еді.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты