Полицияның ауқымды рейдінен кейін 2,5 мың қазақстандықтың көлігі айып тұрағына қойылды

10-14 маусым аралығында ішкі істер органдары жалған мемлекеттік тіркеу нөмірмен жүретін көліктерді анықтау бойынша республикалық рейдтік іс-шаралар өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
22 мыңнан астам жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісі анықталды, оның ішінде 500 көлікте жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі орнатылған. Ал 1,5 мыңнан астам көлік мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрді.
ОқыңызАрнайы тұрақтарға шамамен 2,5 мың автокөлік қойылды.
“Аталған фактілер жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану көбіне қасақана сипатқа ие екенін және құқықбұзушылықтар үшін жауапкершіліктен жалтару мақсатында қолданылатынын көрсетеді. Әрбір құқықбұзушылыққа тиісті құқытық баға беріліп, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылады, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.
ІІМ әлі де жалған нөмірмен жүретіндерді анықтауды жалғастырмақ.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмысын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған