Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жалған мемлекеттік нөмірлер сатқан күдікті ұсталды

мемлекеттік нөмір
Фото: Gov.kz

Алматыда жалған мемлекеттік нөмірлерді заңсыз жасап, сатты деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Күдікті топ тіркеу нөмірлік белгілерін (МТНБ) заңсыз дайындау және тарату схемасын жүзеге асырған.

Тергеу мәліметтері бойынша, жалған нөмірлер Ресей Федерациясынан экспресс-жеткізу қызметі арқылы жеткізіліп, кейін Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі тапсырыс берушілерге жіберіліп отырған.

“Жедел-іздестіру шаралары барысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтау бойынша ары қарай тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде”, – делінген ақпаратта. 

Бас көлік прокуратурасы жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

Мұндай құқық бұзушылықтар жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді.

Еске салсақ, Ішкі істер министрлігі көлік құралдарын тіркеу ережелеріне түзетулер енгізді, ол 25 мамырдан бастап күшіне енеді. Соған сәйкес елімізде көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін басқаға беруге рұқсат берілмек.

Дана Русланқызы
Жұма, 07 Тамыз, 2026 20:22