Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

29 қарашада мәслихат сайлауы өтеді: Тоқаев кандидаттарға тең жағдай жасау қажет екенін айтты

сайлау депутаттар
Фото: Ақорда

Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен кездесіп, мәслихат сайлауына дайындықты талқылады. Президент кандидаттар мен партияларға тең мүмкіндік берілуі керегін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақорданың мәліметінше Нұрлан Әбдіров президентке сайлауға дайындық жұмыстарын таныстырды. 

“Қасым-Жомарт Тоқаевқа 29 қарашада өтетін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық барысы бойынша сайлау органдарының атқарып жатқан жұмысы жөнінде ақпарат берілді. Президент сайлауды "Заң және тәртіп" конституциялық қағидаты негізінде өткізу, кандидаттар мен саяси партиялардың барлығына тең жағдай жасау маңызды екенін атап өтті”, – делінген хабарламада. 

Президент жаңа депутаттар жергілікті мәслихаттардың жұмысын едәуір күшейтеді деп атап өтті.

Еске салсақ, 12 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойған еді. Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға белгіленді. 

Гүлсезім Мұхатай
Дүйсенбі, 16 Қараша, 2026 17:58