Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жауапкершілік сөзбен емес, іспен: "Филип Моррис Қазақстан" табиғат пен қоғам үшін не істеп жатыр?

Фото: Филип Моррис Қазақстан

Бүгінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі құрғақ мәлімдемелермен емес, компанияның қоршаған ортаға, жергілікті қоғамдастықтардың өміріне және адамдардың мүмкіндіктеріне қосқан нақты үлесімен өлшенеді. "Филип Моррис Қазақстан" үшін бұл – саналы таңдау әрі ұзақ мерзімді стратегияның ажырамас бөлігі. Компания өзін тек жұмыс беруші және өндіріс орны ретінде ғана емес, қызмет ететін өңірлерінің жауапты көршісі әрі сенімді серіктесі ретінде көрсетуді мақсат етеді. Экологиялық акциялар, фабриканың көміртегі ізін азайту, мүгедектігі бар адамдарды кәсіби оқыту – осы бастамалардың әрқайсысының артында нақты іс-әрекет пен өлшенетін нәтиже, мемлекет және қоғамдық ұйымдармен серіктестік, сондай-ақ компания қызметкерлерінің жеке белсенділігі тұр.

Мұның бір мысалы – компанияның Дүниежүзілік тазалық күніне (World Clean-up Day) жыл сайын қатысуы. Биыл күзде де "Филип Моррис Қазақстан" қызметкерлері еліміздің екі өңірінде өткен экологиялық акцияларға атсалысты. Ақмола облысында олар Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдерімен, еріктілермен, қоғамдық ұйымдармен және басқа да қатысушылармен бірге Сарқырама өзенінің жағалауын тазалауға шықты. Бір аптадан кейін бұл бастаманы Алматыдағы әртүрлі бөлімшелердің, соның ішінде өндірістік топтардың қызметкерлері жалғастырды. Олар Іле-Алатауы ұлттық паркінің маңындағы аумақты тазалап, 260 келіден астам қоқыс жинады. Бұл шаралар "Таза Қазақстан" ұлттық бастамасын қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Айта кету керек, Сарқырамадағы акция 2020 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан StopMusor жобасы аясында өтті. "Филип Моррис Қазақстан" оның серіктестерінің қатарына кіреді және жобаны алты жыл бойы қолдап келеді. Осы уақыт ішінде бастама жекелеген экологиялық акциялардан ауқымды қоғамдық қозғалысқа айналды: 120-дан астам іс-шара өткізіліп, 150 тоннадан астам қалдық қайта өңдеуге жіберілді, ал жұмысқа мыңдаған қатысушы мен жүздеген ерікті қосылды. Жобаның негізгі мақсаты – тазалық тек аумақтарды жинаудан ғана емес, әр адамның қоршаған ортаға деген көзқарасынан басталатынын көрсету. Сондықтан StopMusor практикалық жұмыстармен қатар, әсіресе жастар арасында экологиялық сауаттылықты арттыруға да баса мән береді.

Фото: Филип Моррис Қазақстан

 

"Біз үшін экологиялық жауапкершіліктің тек корпоративтік құжаттардың бір бөлігі ретінде қалып қоймауы маңызды. Қызметкерлеріміз еріктілермен және қоғамдық ұйым өкілдерімен бірге тазалық жұмыстарына шыққанда, өз еңбектерінің нақты нәтижесін көреді. Мұндай бастамалар серіктестікті нығайтып, қоршаған ортаның жағдайы әрқайсымыздың қосқан үлесімізге байланысты екенін еске салады", – дейді "Филип Моррис Қазақстан" корпоративтік байланыстар жөніндегі аға директоры Әлима Исембаева.

Қоршаған ортаға қамқорлық жасау – фабриканың өз жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі. 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында CO₂ үлестік шығарындылары былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 14,8%-ға азайған. Көрсеткіш әр миллион темекіге шаққанда 170,9-дан 145,6 кг CO₂e-ге дейін төмендеді. Бұл ретте өндіріс көлемі шамамен 15,2%-ға өскеніне қарамастан, көмірқышқыл газының жалпы шығарындылары да шамамен 1,9%-ға азайған.

Бұған нақты шаралардың арқасында қол жеткізілді. Фабриканың қазандығы дизель отынынан табиғи газға көшті. Кәсіпорын green electricity ретінде расталған электр қуатын пайдаланады. Сонымен қатар жылыту, желдету, ауаны баптау және сығылған ауа жүйелерінің энергия тиімділігі артты. Жарықтандыру жүйесі де жаңартылды. Бұдан бөлек, шағын болғанымен, нәтижесі айқын бастамалар бар. Мәселен, жаңбыр суы жиналатын бассейндегі суды ағаштар мен фабрика аумағын суаруға пайдаланады. Жобаның бастапқы кезеңінде осылайша 100 текше метрден астам су қайта қолданылған. Сонымен қатар кәсіпорында Alliance for Water Stewardship (AWS) стандартына сәйкес суды жауапкершілікпен пайдалану бағдарламалары жүзеге асырылып, аумақты көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото: Филип Моррис Қазақстан

Алайда жауапты көрші болу – тек таза аумақ пен ресурстарға ұқыпты қарау ғана емес, сонымен қатар бизнестің адамдар үшін жасалатын игіліктері. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің осы бағытын 2010 жылы басталған "Прогресс" жобасы қамтиды. Жоба жүзеге асқалы бері мүгедектігі бар 350-ден астам адам кәсіби білім алып, арнайы оқудан өткен.

2026 жылы бағдарламаға Іле ауданының 15 тұрғыны қатысты. Қаңтардан маусымға дейін олар тігін ісі, кондитерлік іс, цифрлық сауаттылық және макияж негіздері сияқты төрт бағытты меңгерді. Оқуды аяқтаған барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Сондай-ақ бағдарламаға инклюзивті туризм де енгізілді: он сапар, соның ішінде жеті музей мен үш табиғи нысанға экскурсия ұйымдастырылды. Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай кездесулер қарым-қатынас аясын кеңейтуге, коммуникативтік дағдыларды дамытуға және қоғамда өздерін сенімдірек сезінуге көмектеседі.

Фото: Филип Моррис Қазақстан

 

"Біз әлеуметтік бастамаларды жай ғана қолдау көрсету емес, адамның өз мүмкіндіктерін ашуына көмектесетін мүмкіндік ретінде қарастырамыз. Кәсіби дағдыларды меңгеру, жаңа адамдармен танысу және қоғамдық өмірге араласу тәжірибесі адамның дербестігі мен өзіне деген сенімін арттырады. Бағдарламаға қатысушылардың мүмкіндіктері біртіндеп кеңейіп, болашағына деген көзқарасы өзгеріп жатқанын көру біз үшін ерекше құнды", – дейді Әлима Исембаева.

"Филип Моррис Қазақстан" үшін қоғам алдындағы жауапкершілік – бір реттік бастамалардың жиынтығы емес, компанияның күнделікті жұмысына енгізілген жүйелі бағыт. Жауапты көршілік ұстанымы осылай көрініс табады: айналаның таза болуы, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау және кәсіби мамандық меңгеріп, өз күшіне сенуге мүмкіндік алған адамдардың өміріндегі оң өзгерістер. Мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен серіктестікке, сондай-ақ қызметкерлерінің белсенді қатысуына сүйене отырып, компания бұл бағыттағы жұмысын одан әрі жалғастырып, жергілікті қоғамдастықтардың сенімін нығайтуды және Қазақстан үшін сенімді серіктес ретіндегі рөлін растауды көздейді.

Stan.kz
Дүйсенбі, 16 Қараша, 2026 17:01