Астанада оқушы мектепке пышақ алып келіп, сыныптастарына шабуыл жасады
Астанадағы мектептердің бірінде 11-сынып оқушысы сабаққа пышақ алып келіп, қатарластарына шабуыл жасаған. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, зардап шеккен екі оқушы қызға медициналық көмек көрсетілген.
"Зардап шеккен екі оқушы қызға медициналық көмек көрсетілді. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмаған оқушы профилактикалық есепке алынып, Психикалық денсаулық орталығының мамандарына тапсырылды", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Оқушы қыздың заңды өкілдері баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.
"Бұдан бөлек, оқиғаның орын алуына себеп болған жағдайлар мен оған ықпал еткен факторларды жою жөнінде Оқу-ағарту басқармасы мен Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға ұсыныс енгізілді. Сондай-ақ тергеу аясында білім беру мекемесінің қауіпсіздігіне жауапты күзет ұйымының әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деп толықтырды полиция.
Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.
Еске салсақ, осыған дейін Қаскелеңде жалаңаш ер адам терезні сындырып, мектепке кіріп кеткенін жазғанбыз. Алматы облысының полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Алматыдағы құны 1,5 миллиард теңгелік крематорийде жарты жылда небәрі 30 адам өртелген: Қызмет қанша тұрады
899 қазақстандық бұл рәсімге берген келісімін қайтарып алған
Сәбіз бен қой еті 19%-ға дейін қымбаттады: Ресми инфляция неге дүкендегі бағамен сәйкес келмейді
Сәбіз бен қой еті қымбаттады, қияр арзандады: ресми инфляция мен дүкендегі баға неге сәйкес келмейді
