Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Жазира Байырбекова ұшағын 16 миллион долларға сатылымға шығарды

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram.com/zhazira_bairbekova

Әнші Жазира Байырбекова "Әгугәй" ансамбліне театр ашу үшін ұшағын сату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі бұл жаңалығын Instagram парақшасында бөліскен.
Ол ұшақты сатып алғысы келетіндерді ансамбльдің парақшасына өтуге шақырды. Ал хабарландыруда әуе кемесінің бағасы 16 миллион доллар деп көрсетілген.

"Театрды ашу үшін самолетімізді сатамыз деп шештік. Алғысы келетіндер @aguqai_ansambl-дің парақшасына тіркеліңіздер!" – деп жазған әнші.

Бұл хабарландыруды оқырмандар әртүрлі қабылдады. Бірі әншілердің ұшақ сатып алатындай табыс тапқанына таңғалса, енді бірі мұны әзілге айналдырған.
Кейбірі Жазираның көпшілікке танымал "Әлди-әлди" әнін еске алып, ұшақтың ақшасын осы туындының өзі-ақ шығарып берген болар деген пікір білдірді.

Алайда кейін хабарландыру әншінің парақшасынан жоғалып кетті. Оның не себепті өшірілгені туралы мәлімет жоқ.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 21 Қазан, 2026 16:30