Республика күніне қарсы Астанада пәтерлер 20%-ға арзандайды

Елорданың сол жағалауындағы 2-бөлмелі пәтерді сатып алғанда 9 миллион теңгеге жуық қаражат үнемдей аласыз. Мысалы, ауданы 64 ш.м. пәтерді қазір 44,6 млн теңгенің орнына 35,7 млн теңгеге алуға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Арнайы ұсыныс тек 25 және 26 қазан күндеріне созылады. Науқанға Respublika Towers және Respublika (Н блогы) тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер қатысады.
Осындай жеңілдікті мемлекеттік мерекеге орай SAT NS құрылыс компаниясы ұйымдастырып отыр.

Екі тұрғын үй кешені де Нұра ауданында, Астана әкімдігі жүзеге асырып жатқан эко-саябаққа жақын маңда орналасқан. Мұнда қала тұрғындары үшін жасыл аймақтар мен серуендеу жолдарын абаттандыру жоспарлануда.
Табиғи ортадан бөлек, үйлердің инфрақұрылымын мектептер, балабақшалар, емханалар мен сауда орталықтары толықтырады. Үйлердің өзінде биіктігі 3-метрлік төбелер, үлкейтілген терезелер, дизайнерлік холлдар және қауіпсіздік жүйелері (электроқұлыптар, 24/7 бейнебақылау, IP-домофония) қарастырылған.
Сатып алушылар үшін тағы бір маңызды жайт – үйлер пайдалануға берілген, құрылыс аяқталуын күтудің қажеті жоқ. Ұсыныс аясында 2-3-4 бөлмелі пәтерлер қолжетімді.

Пәтерлерді сатып алу шарттары туралы толығырақ SAT NS сату кеңсесінен білуге болады.
Мекенжайы: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 30а. Телефоны: 755
"Алты рет тапсырдым": Алматылық студент IELTS-тан ең жоғары 9.0 баллды қалай алғанын айтып берді