Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Биыл қыркүйектің соңынан бастап Қазақстанға сырт елден көлік әкелетіндер үшін заң өзгерді. Жеке мақсатта автокөлік импорттайтын азаматтар оның шығарылған жылына қойылатын талаптарды, электронды паспортты рәсімдеу тәртібін және утиль алымы мерзімдерін ескеруі керек. Ал көлікті сату үшін әкелетін кәсіпкерлерге өзге талаптар қолданылады. Stan.kz тілшісі заңдағы негізгі өзгерістерді талдап көрді.
28 қыркүйектен бастап жеке тұлғаларға көлік құралының электронды паспортын (КҚЭП) рәсімдеу кезінде автокөліктің шығарылғанына бес жылдан аспауы керек деген талап енгізілді. Сонымен қатар бір адамға жылына бір көлікке ғана электронды паспорт рәсімдеуге рұқсат етіледі. Бұл талаптар ескі көліктерді жеке пайдалану үшін жаппай импорттауды шектеуге бағытталған.
Заң шыққаннан кейінгі автобизнес иесінің пікірі
Редакциямызға Корея елінен көлік алып келіп, оны елі ішінде сататын кәсіп өкілі сұхбат берді. Сөзінше, шетелден көлік әлі жеткізіліп жатыр, ал өзгерістер кәсіпке қатты әсер ете қоймаған.
“Тек жаңа машиналардың кедендік рәсімдеуі 2 миллион теңгеге көп шығады. Ал ескі машиналарды бұрынғыдай жеке тұлғаның атына тіркеп әкелмейсің, ол үшін жеке кәсіпкерлік (ИП) ашу керек. Бұл Кореядан әкелінетін машинаның бағасына әсер етпейді”, – деді ол.
Компания өкілінің сөзінше, Кореядан көлік әкеліп, Қазақстанда сатса, жеке кәсіпкерлікпен 3% салық төлейді. Сәйкесінше, алдағы уақытта кореялық көліктерді сатарда қазақстандықтар салық мөлшерін де көлік құнына қосып жіберуі әбден мүмкін.
“Ал жаңа машиналар 2024, 2025, 2026 жылдары шыққан машиналарды жеке кәсіпкерлікпен емес, кеден кіріс ордерімен әкеледі. Сол кезде кедендік рәсімдеу 48%-бен жасалады. Сәйкесінше, көлік 2 миллион теңгеге қымбаттайды. Қазір шетелден 2010 жылдан бастап шыққан машиналарды әкелуге болады”, – деп түйіндеді ол.
Қазақстанда шетелден көлік әкелу тәртібі қалай өзгереді?
Қазақстанда шетелден автокөлік әкелу тәртібі оны қандай мақсатта импорттауға байланысты айқындалады. Бұл туралы Stan.kz редакциясының жолдаған сауалына Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді.
Қазақстанда шетелден автокөлік әкелу тәртібі оны қандай мақсатта сатып алғанына байланысты. Егер азамат көлікті өзі міну үшін әкелсе, ол бір тәртіппен рәсімделеді. Ал көлікті кейін сату немесе кәсіпкерлік мақсатта пайдалану үшін импорттаса, басқа талаптар қолданылады. Комитеттің түсіндіруінше, жеке пайдалануға арналған көлікті кеденнен өткізу үшін жолаушының кедендік декларациясы толтырылады. Ал сату үшін әкелінетін автомобиль тауар ретінде рәсімделіп, оған тауарларға арналған декларация беріледі. Мұндай жағдайда көлікке қойылатын техникалық талаптар мен заңда көзделген шектеулер де сақталуы керек.
Утильалымды қашан төлеу керек?
Үкіметтің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі №808 қаулысымен жеке қажеттілігі үшін шетелден көлік әкелетін азаматтарға қатысты талап өзгерді. Енді олар автомобильді еркін айналымға шығарғанға дейін кәдеге жарату алымы төленгені туралы сертификат алуы керек. Комитет бұл өзгеріс кедендік баждар мен салықтардың мөлшерін өзгертпейтінін атап өтті. Яғни жаңа талап бағаға қатысты емес, оны төлеу және сертификат алу мерзіміне қатысты.

Кәсіпкерлер үшін көлік әкелу тәртібі қандай?
Егер автокөлік кейіннен сату немесе басқа да кәсіпкерлік мақсат үшін шетелден көлік әкелінсе, оны кедендік рәсімдеу тәртібі өзгеше болады. Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндіруінше, мұндай көліктер жеке пайдалануға арналған тауарлар санатына жатпайды. Сондықтан олар жалпы тәртіппен, тауарларға арналған декларация арқылы рәсімделеді. Бұл ретте тиісті кедендік рәсімдердің, техникалық талаптардың және қолданыстағы шектеулердің сақталуы міндетті.
Коммерциялық мақсатта көлік әкелген кезде оның сипаттамалары мен қолданылатын кедендік рәсімге қарай бірнеше төлем туындауы мүмкін. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтерінде мынадай төлемдер көрсетілген:
-
Әкелу кедендік бажы. Оның мөлшерлемесі көліктің шығарылған жылына, қозғалтқышының көлемі мен түріне байланысты болады. Қолданылатын мөлшерлеме 0–18% аралығында болуы немесе қозғалтқыштың не басқа өлшем бірлігінің көлеміне қарай белгіленуі мүмкін. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №80 шешіміндегі талаптар ескеріледі.
-
Қосылған құн салығы (ҚҚС). 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ҚҚС-тың жалпы мөлшерлемесі 16 %-ды құрайды.
-
Кедендік декларациялау алымы. Мәтінде көрсетілген мәлімет бойынша, оның мөлшері 6 АЕК.
-
Акциз. Қозғалтқышының көлемі 3 000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильдерге акциз салынуы мүмкін. Көрсетілген мөлшерлеме — қозғалтқыштың әр текше сантиметріне 100 теңге.
Коммерциялық мақсатта әкелінетін көліктерге қолданылатын төлемдер мен оларды есептеу тәртібі жеке пайдалану үшін импортталатын автомобильдерге арналған мөлшерлемелерден ерекшеленеді. Сондықтан екі көліктің кедендік рәсімдеу құнын тек бір мөлшерлемеге сүйеніп салыстыру дұрыс емес. Нақты соманы есептеу үшін автомобильдің кедендік құнын, шығарылған жылын, қозғалтқышының сипаттамаларын, шыққан елін және оған қолданылатын кедендік рәсімді ескеру қажет.
Жылына бір көлікке ғана электронды паспорт рәсімделеді
Жеке тұлғаларға электронды паспорт рәсімдеуге де шектеу қойылған. Атап айтқанда, бір адамға жылына бір автокөлікке ғана КҚЭП беріледі. Құжатты рәсімдеу кезінде көлік иесінің деректері жолаушылардың кедендік декларациясында көрсетілген декларанттың мәліметтерімен салыстырылады. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бұл талап жеке пайдалануға арналған көлік ретінде бірнеше автомобильді топтап әкелуді шектеуге бағытталған.

Сонымен бірге министрлік көлікті өз қажеті үшін әкеліп, рәсімдеген азаматтың кейін оны сатуға құқығы бар екенін түсіндірді. Яғни автокөлікті кейіннен сату фактісінің өзі заң бұзушылық болып саналмайды. Осыған байланысты электронды паспорт рәсімдеуге қойылған шектеуді көлікке иелік етуге немесе оны сатуға толық тыйым салу деп түсінбеу керек. Шектеу жеке пайдалану үшін әкелінетін автокөліктердің құжаттарын рәсімдеу тәртібіне қатысты.
Автокөлікті кедендік тазарту шығыны қанша?
Кедендік төлемдердің көлемі автокөліктің шығарылған жылына, кедендік құнына және қозғалтқышының көлеміне қарай есептеледі. Жеке тұлғалардың өз қажеті үшін әкелетін көліктеріне қолданылатын негізгі мөлшерлемелер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 шешімінде бекітілген. Көз салып көрейік.

Шығарылғанына үш жыл толмаған автомобильдер үшін кедендік төлем мөлшері оның құнына байланысты анықталады. Ал шыққанына үш жылдан бес жылға дейінгі көліктерге қолданылатын мөлшерлеме қозғалтқыш көлеміне қарай есептеледі.

Бұл мөлшерлемелер жеке пайдалануға арналған автокөліктердің кедендік төлемдеріне қатысты екенін ескеру қажет. Оған көлікті жеткізу құны, кәдеге жарату алымы, алғашқы мемлекеттік тіркеу және Қазақстанда рәсімдеу кезінде туындайтын өзге де шығындар кірмейді.
Кәсіпкерлер үшін көлік әкелу тәртібі қандай?
Егер автокөлік кейіннен сату немесе басқа да кәсіпкерлік мақсаттар үшін импортталса, оны кедендік рәсімдеу тәртібі өзгеше болады. Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндіруінше, мұндай көліктер жеке пайдалануға арналған тауарлар санатына жатпайды. Сондықтан олар жалпы тәртіппен, тауарларға арналған декларация арқылы рәсімделеді. Бұл ретте тиісті кедендік рәсімдердің, техникалық талаптардың және қолданыстағы шектеулердің сақталуы міндетті.
Коммерциялық мақсатта көлік әкелген кезде оның сипаттамалары мен қолданылатын кедендік рәсімге қарай бірнеше төлем туындауы мүмкін. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтерінде мынадай төлемдер көрсетілген:
-
Әкелу кедендік бажы. Оның мөлшерлемесі көліктің шығарылған жылына, қозғалтқышының көлемі мен түріне байланысты болады. Қолданылатын мөлшерлеме 0–18% аралығында болуы немесе қозғалтқыштың не басқа өлшем бірлігінің көлеміне қарай белгіленуі мүмкін. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №80 шешіміндегі талаптар ескеріледі.
-
Қосылған құн салығы (ҚҚС). 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ҚҚС-тың жалпы мөлшерлемесі 16%-ды құрайды.
-
Кедендік декларациялау алымы. Мәтінде көрсетілген мәлімет бойынша, оның мөлшері 6 АЕК.
-
Акциз. Қозғалтқышының көлемі 3 000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильдерге акциз салынуы мүмкін. Көрсетілген мөлшерлеме — қозғалтқыштың әр текше сантиметріне 100 теңге.
Коммерциялық мақсатта әкелінетін көліктерге қолданылатын төлемдер мен оларды есептеу тәртібі жеке пайдалану үшін импортталатын автомобильдерге арналған мөлшерлемелерден ерекшеленеді. Сондықтан екі көліктің кедендік рәсімдеу құнын тек бір мөлшерлемеге сүйеніп салыстыру дұрыс емес. Нақты соманы есептеу үшін автомобильдің кедендік құнын, шығарылған жылын, қозғалтқышының сипаттамаларын, шыққан елін және оған қолданылатын кедендік рәсімді ескеру қажет.
Заңсыз импортқа тосқауыл: Автосарапшылар пікірі
Курсив басылымындағы әріптестердің мәліметінше, автомобиль нарығын мониторингтеу және талдау агенттігінің бас директоры Артур Мискарянның пікірінше, негізгі өзгеріс көлікті алғашқы тіркеудің оны елге әкелген кезде кімнің атына рәсімделгеніне байланысты болуы. Оның айтуынша, бұған дейін көлік елге бір адамның атына әкелініп, Қазақстанда алғашқы тіркеуден басқа адамның атына өткізілген жағдайлар кездескен. Мұндай тәсіл коммерциялық қызметті жеке мақсаттағы импорт ретінде көрсетуге мүмкіндік берген. Енді бұл тетік басқаша жұмыс істеуі керек. Яғни көлікті жеке пайдалануға әкеліп, өз атына рәсімдеген адам оны тіркей алады.
"Бұл — көлік әкеліп, бірақ салық жүктемесі мен жауапкершіліктен жалтарған адамдардың бизнесін заңдастырып, салықты толық төлеуге мәжбүр болатындықтан өте маңызды мәселе", — деп атап өтті сарапшы.
Мискарян нарықтың ауқымына да назар аударды. Оның мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын бұрын тіркелген автомобильдерді қайта сату бойынша шамамен 1–1,2 миллион мәміле жасалады. Былтыр жаңа көліктерді сатып алу бойынша 230 мыңнан астам мәміле жасалып, елге шамамен 150 мың автомобиль импортталған. Сонымен қатар сарапшының бағалауынша, осы көлемнің ішінде салықтан жалтару мақсатында жүргізілген операциялар болуы мүмкін коммерциялық импорт та бар. Сондықтан Мискарянның пікірінше, жаңа ережелердің тиімділігі олардың іс жүзінде қаншалықты жүйелі әрі дәйекті қолданылатынына байланысты болады.
Нарық кімге бұйырады?
Тәуелсіз автомобиль одағының төрағасы Эдуард Эдоковтың пікірінше, жеке тұлғаларға көлік импорттауға қойылатын талаптардың қатаюы ең алдымен ресми дистрибьюторларға тиімді. Бұған дейін ірі дилерлермен бәсекелесіп келген тәуелсіз жеткізушілер мен делдалдар енді қосымша шектеулер мен шығындарға тап болуы мүмкін.
"Жеке импорт зардап шегеді, бәсекелестік азаяды. Ал тұтынушылар көлікті қымбаттырақ сатып алуға мәжбүр болады. Оның үстіне, соңғы жылдары қалтамыздағы ақша көбейген жоқ", — деді ол.
Эдоков бұған өз тәжірибесін мысалға келтірді. Шамамен үш жыл бұрын ол Қытайдан электромобильге тапсырыс беріп, оны 18 миллион теңгеге сатып алған. Кейін дәл осы модель Қазақстандағы ресми дилерде пайда болғанда, оның бағасы шамамен 24 миллион теңге болған. Сарапшының пікірінше, бұл айырмашылық жеке импорттың ресми дилерлерге қаншалықты үлкен бәсекелестік тудырғанын көрсетеді.
Эдоковтың пайымдауынша, жаңа шектеулер сұраныстың ресми дилерлерге қарай ауысуына әкелуі мүмкін. Бұған дейін Қытайдан тәуелсіз жеткізушілер арқылы арзан көлікке тапсырыс бере алған сатып алушылар енді не ресми дилерден көлік алуға, не қолданыста болған автомобильдер нарығынан іздеуге мәжбүр болады. Сарапшы Қазақстандағы автомобиль нарығының сыйымдылығы мәселесін де көтерді. Оның пікірінше, елдегі жаңа көліктерге деген сұраныс шекті деңгейіне жақындаған. Ал отандық зауыттар өндіріс көлемін одан әрі арттыруға мүдделі.
"Нарық іс жүзінде толып қалды, ал өндірушілер одан да көп көлік шығарғысы келеді", — дейді Эдоков.
Мұндай жағдайда параллель және жеке импортты шектеу сұранысты Қазақстанда өндірілген немесе елге ресми түрде жеткізілген көліктерге бағыттау тәсілдерінің біріне айналуы мүмкін. Сонымен қатар Эдоковтың пікірінше, қазақстандық автомобиль өнеркәсібі ішкі нарықтағы шектеулі сұраныстың орнын экспорт арқылы толтыра алмайды. Оның бағалауынша, әзірге отандық көліктердің бағасы сыртқы нарықтарда бәсекеге түсуге тиімді емес.
Еске сала кетейік, Қазақстанда жеке тұлғалардың шетелден көлік әкелуіне, электронды паспорт рәсімдеуіне және кәдеге жарату алымын төлеуіне қойылатын талаптар күшейтілді. Бұған Қытай мен Қазақстанның көлік импорты бойынша статистикасындағы алшақтық та назар аудартты. 2025 жылы екі елдің деректері арасында 23,2 мың автокөлік пен 1,5 миллиард доллар айырмашылық болған.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік ұлттық костюмін көрсетті