1 қыркүйектен бастап бастауыш сыныптарда бағалаудың жаңа тәртібі енгізіледі
Елімізде 1 қыркүйектен бастап 1-4-сыныптарда бағалаудың жаңа тәртібі енгізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін жеке бағаланбаған "Цифрлық сауаттылық", "Еңбекке баулу", "Бейнелеу өнері", "Музыка" және "Дене шынықтыру" пәндері бойынша формативтік бағалау жүргізіледі. Аралық бағалау тоқсанына бір рет өткізіледі.
Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова хабарлады.
"Бұл пәндер бастауыш білім берудің жалпы мазмұнына кіреді және әр пән баланың белгілі бір білімі мен дағдысын қалыптастырады. Сондықтан оқу бағдарламасында белгіленген нәтижелердің барлық пән бойынша көрініс табуы маңызды. Ол қосымша жазбаша бақылау жұмыстарын көбейтпейді, керісінше, пәннің ерекшелігіне сәйкес сабақ барысында орындалатын практикалық, шығармашылық, жобалық, зерттеу, спорттық, жеке және командалық жұмыстардың нәтижесіне негізделеді", – деді спикер баспасөз конференциясында.
Еске салсақ, осыған дейін мектептерде 1 қыркүйектен бастап оқушылардың өмірге төзімін арттыруға арналған пәндер оқытыла бастайтынын жазғанбыз.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген
