"Қазақтелеком" АҚ Түркістан облысындағы 13 мыңнан астам абонентті мыс желісінен оптикалық желіге көшіреді

Желіні жаңғыртуды көздейтін ауқымды SWAP жобасы аясында "Қазақтелеком" АҚ екі жыл ішінде Түркістан облысындағы 13 105 абонентті ескірген мыс желісінен заманауи оптикалық желіге көшіреді. Қолжетімділік желісін пайдалану дирекциясының (ҚЖПД) мамандары өңірдегі алғашқы 827 абонентті жаңа желіге қосып үлгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жаңа инфрақұрылымға көшу шағын қалалар мен елді мекен тұрғындарын тұрақты интернет, жоғары сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз етіп, заманауи цифрлық сервистерге тікелей қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жобаның сәтті іске асуының бір мысалы ретінде – Төле би ауданындағы Леңгір қаласын айта аламыз. Мұнда алғашқы 416 оптикалық порт салынды, 52 абонент жоғары жылдамдықты интернеттің қызығын көріп отыр. Жалпы, аталған елді мекенде 234 отбасы оптикалық желіге көшіріледі.
Айта кетейік, SWAP жобасы Қазақстанның телекоммуникациялық инфрақұрылымын кешенді жаңғырту мақсатында ел өңірлерін кезең-кезеңімен қамтып келеді.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген