"Күйдірілген ине мен тұз таптым": Әнші Жігер Ауыпбаев өзіне сиқыр жасалғанын айтты

Әнші Жігер Ауыпбаев жеке өміріндегі қиын кезең туралы айтып, үйінен бірнеше күмәнді зат тапқанын мәлімдеді. Өнер иесі мұны “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әншінің айтуынша, бірінші әйелімен арадағы келіспеушіліктерден кейін заңды түрде ажырасып, біраз уақыт жалғыз тұрған. Дәл сол кезеңде үйдің әр жерінен түсініксіз заттар шыға бастаған.
“Төсегімнің бас жағынан, ішкиімдердің астынан себілген тұздар шықты. Перделерге басы күйдірілген инелер тығылған. Паластың астынан зираттың топырағына ұқсайтын заттарды да таптым”, – деді ол.
Жігер Ауыпбаев мұндай жағдайларды жай сәйкестік деп есептемейтінін жеткізді. Оның пікірінше, отбасылық бақытына қызғанышпен қарап, араға іріткі салғысы келген адамдардың әрекеті болуы мүмкін.
Әнші сол уақытта бұрынғы отбасымен қайта қауышуға да әрекет жасағанын айтты. Оның сөзінше, ең алдымен төрт баласының толыққанды отбасында өскенін қалаған. Сол себепті бұрынғы жұбайымен қайта сөйлесіп, арадағы қарым-қатынасты қалпына келтіруге тырысқан.
“Бір-бірімізден кешірім сұрап, қайта қосылуға шешім қабылдадық. Балалар қатты қуанды. Бірақ бір аптадан кейін бәрі бұрынғы қалпына қайта оралды”, – деді өнер иесі.
Жігер Ауыпбаевтың айтуынша, кейін жалғыз қалған кезде үйден табылған әлгі заттар оның күдігін күшейткен. Сонымен бірге ол әлеуметтік желідегі жұртшылықты жағдайдың анық-қанығына жетпей тұрып, біреуді айыптамауға шақырды.
“Ақиқатын білмей жатып, бірден пікір айтып, хейт жазуға болмайды. Әр нәрсенің ақ-қарасын ажырата білу керек”, – деді әнші.
Өнер иесі бүгінде өткен өміріне өкінішпен қарамайтынын, болған оқиғадан сабақ алғанын айтты. Дегенмен ол үйінен табылған күмәнді заттарды әлі күнге дейін түсіндіре алмайтынын және мұны отбасына сырттан жасалған ықпал болуы мүмкін деп есептейтінін жеткізді.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Оқыңыз