Алматыда көршілер 15 мысық ұстайтын әйелдің үстінен шағымданды

Алматыда полиция мен тиісті қызметтер көпқабатты үйдегі пәтерде көп мысық ұсталуы туралы тұрғындардың шағымын тексеріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алмалы ауданында тұратын, демікпе дертіне шалдыққан әйел полицияға жүгініп, көрші пәтерде 15-тен астам мысық бар екенін және одан шығатын өткір иістің, әсіресе ыстық күндері, күшейетінін айтқан.
Тұрғындардың сөзінше, жағымсыз иістен терезе ашудан қалған. Сондай-ақ пәтерді өңдеу үшін қолданылатын құралдардың иісі олардың денсаулығына кері әсер етіп, өздерін жайсыз сезінетін болған.
Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы барғанымен, пәтер иесі есікті ашпаған.
Енді жағдайды полиция мен тиісті мемлекеттік қызметтердің қатысуымен арнайы комиссия жан-жақты тексереді. Мамандар санитарлық талаптардың сақталуын, жануарларды ұстау жағдайын бағалап, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылдайды.
Полицияның мәліметінше, басты мақсат – жануарлаға дұрыс күтім жасалып, сонымен қатар көпқабатты үй тұрғындарының қауіпсіз әрі жайлы ортада өмір сүру құқығын қорғауға мүмкіндік беретін заңды әрі әділ шешім қабылдау.
Бұған дейін Қонаев тұрғыны полицияны 19 мысығын заңсыз атып өлтірді деп айыптаған еді.
Нинаның айтуынша, 2026 жылы 14 шілде күні жануарларды аулау қызметінің мамандары мен полиция қызметкерлері оның пәтеріне келіп, 19 мысықты ешқандай құжат көрсетпестен алып кеткен. Әйелдің сөзінше, орган қызметкерлері Нинаның көршісінің шағымынан кейін келген. Алайда жануарларды тәркілеуге қатысты ешқандай ресми құжат ұсынбаған.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Оқыңыз