1,5 миллион оқырманы бар блогердің иті ұрланып, мейрамханаға сатылған: Кейін оны сойып, ас әзірлеген

Желіде танымал болған ит ұрланып, Қытайдағы мейрамханада тағам ретінде ұсынылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қытайда әлеуметтік желіде танымал Border Collie тұқымды Чутоу атты ит ұрланып кеткен. Кейін оны өлтіріп, мейрамханаға ет ретінде сатуы мүмкін деген ақпарат тарады.
Инфлюенсер Го мен оның 8 жастағы иті Чутоу Douyin платформасында 1,5 миллионнан астам оқырман жинаған. Ит иесімен бірге Қытайды аралап, түнде шатырын күзеткен видеолары арқылы танымал болған.
Оқиға Го Чутоуды ата-анасына қалдырып, өзі Грузияға сапарға кеткен кезде болған. Бақылау камерасына екі адамның итті алып кетіп, электрвелосипедпен кетіп бара жатқаны түсіп қалған.
Иесінің айтуынша, ол күдіктіні 15 күннен кейін тауып, итті қайтару үшін шамамен 1100 фунт, яғни 720 мың теңге ұсынған. Алайда күдікті Чутоуды "адасып жүрген ит деп ойладым" деп түсіндірген. Бірақ иттің мойнында қарғыбауы мен GPS трекері болған.
Кейін иесіне иттің шамамен 20 фунтқа, яғни 13 мың теңгеге мейрамханаға сатылып, ет ретінде пайдаланылғаны айтылған. Мейрамхана қызметкері "ит өлді, енді шу шығармаңдар" деп жауап берген.
Бұл оқиға әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырып, жануарлар құқығы мен ит етін тұтыну мәселесін қайта көтерді. Көпшілік кінәлілер жазалануы керек деп отыр.
Жануарларды қорғау ұйымдарының мәліметінше, Қытайда жыл сайын шамамен 10 миллион ит пен 4 миллион мысық тағам ретінде пайдаланылады деген дерек бар.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды