Тоқаев БАҚ мамандарын мерекелерімен құттықтап, алғыс хат, сыйлықтар мен гранттар табыстады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін марапаттау туралы өкімге қол қойды. Мемлекет басшысының сыйлықтары, гранттары мен Алғысы журналистерге, медиа мамандарына және бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының шығармашылық ұжымдарына табысталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыйлық иелерінің қатарында интернет-басылымдардың бас редакторлары, өңірлік және республикалық газеттердің тілшілері, фототілшілер мен телеарна қызметкерлері бар. Олар интернет кеңістігінде ақпарат тарату, отандық журналистиканы дамыту және телевизиялық саланы ілгерілетуге қосқан еңбегі үшін марапатталды.
Гранттар да бірқатар журналистер мен медиа мамандарына берілді. Олардың арасында саяси, әлеуметтік және экономикалық реформаларды жариялап жүрген тілшілер, сондай-ақ креативті индустрияны дамытуға және елдің мәдени-туристік әлеуетін танытуға үлес қосқан авторлар бар.
- "Time.kz" желілік басылымының бас редакторы Руслан Фанилевич Бахтигареевке – интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісін белсенді жүргізгені үшін;
- "Egemen Qazaqstan" газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі Байқал Қайырлыұлы Байәділге – отандық журналистикаға қосқан үлесі үшін;
- "NewTimes.kz" ақпарат агенттігінің фототілшісі Әлібек Әбдубәкірұлы Ибраевқа – фотожурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін;
- "Qazaqstan" телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары Қайрат Жанатұлы Мұсақұловқа – Қазақстандағы телевизиялық журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін берілсін;
- "Baq.kz" ақпарат агенттігінің аға тілшісі Олжас Адайға – еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың іске асырылу барысын жариялауға қосқан үлесі үшін;
- "Хабар" агенттігі ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің редактор-сарапшысы Ботагөз Бейсенбайқызы Айтжановаға – мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін;
- контентмейкер, креативті индустрияны дамыту жобаларының авторы Жазира Жомартқызы Байдалыға – Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін насихаттауға қосқан үлесі үшін;
- "Zakon.kz" ақпарат агенттігінің тілшісі Екатерина Алексеевна Елисееваға – "Заң және Тәртіп" қағидаты негізінде Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформаларды жан-жақты жариялауға қосқан үлесі үшін тапсырылсын;
- "Астана" телеарнасының шығармашылық ұжымына – отандық телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін;
- "Вечерний Алматы" газетінің шығармашылық ұжымына – еліміздің және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын кешенді түрде жариялауға қосқан үлесі үшін;
- "Жас Алаш" газетінің шығармашылық ұжымына – отандық баспасөз басылымдарының дамуына қосқан үлесі үшін;
- "Abai.kz" ақпараттық порталының шығармашылық ұжымына – еліміздің қоғамдық-саяси өмірін көрсетуге қосқан үлесі үшін жариялансын.
Іс-шарада Jibek Joly телеарнасының тележүргізушісі Айгүл Мүкей, креативті индустрияны дамыту жобаларының авторы Жазира Байдалы және Almaty Aqparat медиахолдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы сөз сөйледі.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Оқыңыз