Орал тұрғыны мобильді операторды дұрыс қызмет етпегені үшін сотқа беріп, моральдық өтемақы өндіріп алды

Орал қаласының тұрғыны мобильді операторға қарсы сотта жеңіп шығып, моральдық өтемақы өндіріп алды. Оператор клиентке қажетті деректер бермеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іс Орал қаласының №2 сотында қаралды.
Тұтынушы мобильді оператордан сотта дәлел ретінде қажет болған кіріс қоңыраулардың толық детализациясын беруді заңды түрде сұраған. Алайда компания оның алғашқы өтінішін де, кейін жолданған сотқа дейінгі ресми шағымын да елемеген.
Кейін оператор жауап бергенімен, сұралған кіріс қоңыраулардың орнына шығыс қоңыраулардың тізімін жіберген. Сонымен қатар компания бұрынғы хаттарды алмағанын айтқан. Бірақ азаматтың қолында хаттардың жеткізілгенін растайтын нақты дәлелдер болған.
Осы жағдай салдарынан азаматтың басқа маңызды сот процесі бұзылып, ол моральдық шығынды өтеуді талап етіп, сотқа жүгінген.
Іске үшінші тарап ретінде қатысқан Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушы құқығының бұзылғанын растады.
Сот істі ішінара қанағаттандырып, мобильді оператордан 40 мың теңге моральдық өтемақы және мемлекеттік баж салығын өндіріп беруді міндеттеді.
Ведомствоның түсіндіруінше, заң бойынша тұтынушы құқығы бұзылған жағдайда моральдық зиян келтірілгені автоматты түрде мойындалады.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Оқыңыз