Блогер Джузефина 10 тәулікке қамалды (видео)

Джузефина лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева әлеуметтік желідегі тікелей эфирлері үшін 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы полициясының мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында блогер қыздың әкесі тарапынан өзіне қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны туралы мәлімдемелері, сондай-ақ балағат сөздер айтқан және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер көрсетілген бейнежазбалары анықталған.
“Аталған жария мәлімдемелер бойынша тексеру жүргізілді. Контент авторы және оның ата-анасы анықталып, олардан жауап алынды. Құқыққа қайшы әрекеттер туралы ақпарат расталмады”, – делінген полиция хабарламасында.
ОқыңызСонымен қатар видеода блогер тыйым салынған заттарды қолданғанын көрсеткен. Медициналық тексеріс блогердің есірткі заттарын қолдану фактісін растады.
Сондай-ақ блогердің әрекеттерінен ұсақ бұзақылық жасау және жалған ақпарат тарату сияқты әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған.
Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот қарауының нәтижесі бойынша құқық бұзушыға 10 тәулік әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.
Еске салсақ, бұған дейін блогер Джузефинаның үстінен желідегі тікелей эфирі үшін іс қозғалғаны туралы жазған едік. Ол эфирде әкесінің оны бала кезінде зорлағанын айтқан еді.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды