"Мейірбикелер - нағыз қаһармандар": Украинада жаңа туған сәбилер жан сақтау бөлімінен бомбапанаға ауыстырылған
The New York Times басылымы Украинаның Днепр қаласынан видео жариялады. Онда жаңа туған нәрестелердің жан сақтау бөлімінен бомбапанаға (авт. бомбадан сақтайтын жер) ауыстырылғаны туралы ақпарат бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Украина шығысындағы Днепр қаласында бейсенбі күні жаңа туған нәрестелерді жан сақтау бөлімінен ғимараттың астыңғы қабатындағы бомбапанаға ауыстырды. Днепр ракеталы шабуылдардың нысанына айналды. Ресейдің шабуылы бейсенбі күні таңертең басталды", - деп жазады New York Times.
Желі қолданушылары видеоны жыламай көру мүмкін еместігін айтып, Украина халқына қолдау білдірді.
"Сөз жоқ, тек қана көздің жасы", "Құдайым, өзің қамқор бол", "Бұл сәбилерге қарап жатқан адамдар нағыз батыл қаһармандар. Дұғадамыз", "Мейірбикелер суперқаһармандар", "Осы заманда болып жатқаны көңілге қаяу түсіреді. Бұлай болмауы тиіс еді", - деп жазды оқырмандар.
Бұған дейін, соғысқа аттанып, қызымен қоштасқан Украина тұрғынының видеосын жариялаған едік.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі