Соғысқа аттанып, қызымен қоштасқан ер азамат елді жылатты (видео)
Әлеуметтік желіде қызымен қоштасқан ер азаматтың видеосы тарап кетті. Автор бейнежазбаның Украинада түсірілгенін жазған.
Видео Greek Reporter халықаралық грек жаңалық ұйымының парақшасында жарияланды.
"Украинада әкесі кішкентай қызымен қоштасуда. Қызы автобусқа отырып, қауіпсіз жерге аттанып, ал әкесі соғысқа кетті. Бұдан кейін қайта кездесе ме, жоқ па, білмегендіктен, әкесі оған крест белгісін естелікке берді", – деп жазылған видео сипаттамасында.
Еске салайық, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленскийдің 18-60 жас аралығындағы ерлерге жаппай мобилизация жариялағанын жазған едік.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"