AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Киев қоршауда қалды, Зеленский бункерге тығылды - БАҚ

Ресей қарулы күштерінің Киевке басып кіру салдарынан Украина президенті Владимир Зеленский бункерге жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында CNN телеарнасы мәлімдеді.

Зеленский

CNN арнасының мәліметінше, Украина президенті Владимир Зеленский қауіпсіздік мақсатында бункерге жеткізілген.

"Ресей әскерлері Киевке жақындап қалғандықтан Зеленскийді бункерге жеткізді", - делінген мәлімдемеде.

Алайда аталған бункердің Киевте немесе өзге аймақта екені әзірге белгісіз.
Сонымен бірге бұдан алдын Италия премьер-министрі келіссөздер келісілгеніне қарамастан, Украина президенті онымен байланысқа шықпай қойғанын айтқан. Осыдан кейін жергілікті БАҚ Украинаның әуе жолы жабық болғанына қарамастан Киевтегі "Жуляны" әуежайынан белгісіз бір ұшақтың ұшып шыққанын жазған.



Украинадағы жағдай

Еске салайық, Владимир Путин бұған дейін Донбасста арнайы операция өткізуге шешім қабылдағанын айтқан еді.

"Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым", – деген ол.

Сонымен қатар Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өткен.

Алайда 24 ақпан бейсенбінің таңертеңгі уақытынан бастап Укранинаның бірнеше қалаларында жарылыс болғаны хабарланған. Бұл қалалардың қатарында ел астанасы Киев те бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр