AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Украинаға басып кірді: Бірнеше қалада жарылыс дауыстары естілуде

Украина астанасы Киев пен Харьков қалалары маңында жарылыстардың даусы естілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Арна тілшілерінің мәліметінше, “жарылыстардың үздіксіз легі” естілуде.

24 ақпан бейсенбі күні таңертеңгі уақытта сағат 5:00-ден кейін Украинаның бірнеше қаласында, соның ішінде Киевте де жарылыс даусы естілді.

Краматорскіде төрт жарылыс, Одесса, Харьков, Бердянскіде күшті жарылыс, Донбасста лаңкестердің күшті атқылауының басталуы туралы хабарланды.

Жарылыстардың даусы ел астанасында да естілген, дауыстар тіпті Позняков пен Троещина тұрғындарының құлағына келген.

Қазіргі уақытта Борисполь әуежайы аймағында жарылыс пен атыс болып жатыр.



Еске салайық, Владимир Путин бұған дейін Донбасста арнайы операция өткізуге шешім қабылдағанын айтқан еді.

"Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым", – деген ол.

Сонымен қатар Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өткен.

Алайда 24 ақпан бейсенбінің таңертеңгі уақытынан бастап Укранинаның бірнеше қалаларында жарылыс болғаны хабарланған. Бұл қалалардың қатарында ел астанасы Киев те бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр