Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Путин Ресейді әлемдегі ең алып держава деп атады

РФ президенті Владимир Путин Ресейді әлемдегі ең алып держава деп атады. Бұл туралы ол "Россия 24" телеарнасында тікелей эфирде көрсетілген ресейліктерге үндеу кезінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"КСРО ыдырағаннан кейінгі қазіргі Ресей – әлемдегі ең қуатты держава, бұл шабуылдаушы мемлекеттің құдырауына әкеледі деген ой ешкімде болмауы керек. Кімді-кім бізге кедергі жасағысы келсе немесе біздің елге қауіп төндірмек ойы болса, оларға Ресейдің жауабы бірден болатынын білуі керек. Және бұл сізді өз тарихыңызда ешқашан кездестірмеген зардаптарға әкеледі", – деді мемлекет басшысы. Ол сондай-ақ 1980 жылдардың аяғында КСРО әлсіреп, ыдыраған кезде бәрімізге сабақ болғанын жеткізді.

Үндеу барысында Путин Донбассты қорғау үшін арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдағанын қосып өтті. Мемлекет басшысы Ресейге қауіп төндіретін сыртқы күштерге де жүгінді. Оның айтуынша, Ресейдің жауабы көп күттірмейді.

 

Еске салайық, Владимир Путин бұған дейін Донбасста арнайы операция өткізуге шешім қабылдағанын айтқан еді.



"Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым", – деген ол.

Сонымен қатар Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өткен.

Алайда 24 ақпан бейсенбінің таңертеңгі уақытынан бастап Укранинаның бірнеше қалаларында жарылыс болғаны хабарланған. Бұл қалалардың қатарында ел астанасы Киев те бар.

Талқылау