Қытай шекарасында кедендік бекеттің жетекшілері парамен ұсталды
Қытаймен шекарада "Нұр Жолы" кедендік бекетінің бірқатар лауазымды тұлғаларының қылмыстық әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне сілтеме жасап.

50 мың доллар көлемінде пара беру фактісі құжаттандырылғаны хабарланды. Параны қылмысты ұйымдастырушылар бақылаушы органга тексеріс нәтижесін оңды шешіп беруі үшін берген.
Аталған факті бойынша "Нұр Жолы" кедендік постының жетекшісі мен оның орынбасары ұсталды. Сол сияқты уәкілетті экономикалық операторлардың бір өкілі ұсталды. Ол тексерушілерге ірі көлемдегі контрабандалық тауарларды жасырғаны үшін 30 мың доллар көлемінде пара берген.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу құпиясын сақтау мақсатында жарияланбайды.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды