Алматы полицейлері "Z" әрпін жазып алған көлікке қатысты тексеріс бастады
Алматыда полицейлер жеңіл автокөліктің артқы терезесіне "Z" әрпін жазу дерегі бойынша тексеріс бастады. Бұл туралы полиция департаменті башысының орынбасары Рустам Абдрахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазір бұл дерек бойынша тексеріс бастап, көлік иесінің әрекеті Қазақстан Ресбупликасының заңнамасына сәйкестігін анықтаймыз. Сонымен қатар әріптің көліктің терезесіне не себепті жазылғанын да тексереміз", – деді Рустам Абдрахманов.
Айта кетейік, Украинада арнайы операция өткізіп жатқан Ресей әскери техникаларында да дәл осындай "Z" әріпі жазылған еді.
Еске салайық, бұған дейін Ақтау қаласындағы арнайы техника мен “танк” тұрғындарды шошытқан еді. Желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірген әкімдіктегілер қалада оқу-жаттығу өткенін мәлімдеген.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”