AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ЛГБТ өкілдеріне жататын азаматтар мерзімді әскери қызметке шақыртыла ма - Қорғаныс министрлігі жауап берді

ЛГБТ өкілдеріне жататын қазақстандықтар мерзімді әскери қызметін өтеуден қашып құтыла алмайды. Бұл туралы Қарулы күштер Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, ЛГБТ өкілдері де кәдімгі азаматтар, сондықтан мерзімді әскери қызметін өтеуде ешқандай заңды кедергілер жоқ.

"Бізде Конституция бойынша ешкімді кез келген жағдай бойынша кемсітуге болмайды. Қорғаныс министрлігінің сайтында менің телефон нөмірім тұр. Оған соңғы 2 жыл ішінде жыл сайын оннан астам қоңырау түседі. Бірақ мұндай факті бойынша бір адамның қоңырау шалғаны есімде жоқ. Медкомиссия барлық жағынан тексереді. Бірақ осындай бір ғана себепке байланысты қызметін өтеуден қашып құтыла алмайды", – деп түсіндірді департамент басшысы. 

Сәкен Жүсіпов егер азаматтардың медициналық көрсеткіштері, оның ішінде психикалық жағынан кемшіліктері болған жағдайда ғана әскери қызметін өтеуден босатылатынын айтты. 

Айта кетсек,  2022 жылғы 1 наурыздан бастап 17 мыңнан астам жас Қарулы күштер қатарын толықтырады деп жоспарланып отыр. 

1 наурыздан бастап жергілікті атқарушы органдардың әскерге шақыру пунктерінде әкім орынбасарының төрағалық етуімен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары жұмыс істей бастайды. 

Қолданыстағы заңға сәйкес, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негізі жоқ, 18 жастан 27 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Әскерге шақырылатындарға СМС-хабарлама және үй мекенжайына жеке шақыру қағазы жолданады.

Сондай-ақ жас сарбаздар коронавирусқа қарсы ПТР-тесті екі рет тапсырады. Біріншісі, әскерге шақыру кезінде, яғни жиын пунктерінде, екіншісі әскери бөлімге келген кезде.

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мемлекеттік қызмет саналады. Сондықтан бұл қызметтер азаматтарға электронды үкімет порталы арқылы көрсетіледі.

Аталған қызметтерді көрсетуге жергілікті атқарушы органдар жауапты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр