AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан Украинаға әскер жіберді": Қорғаныс министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желіде Қазақстан әскерінің Украинаға жіберілгені туралы ақпарат тарады. Хабарламада Тараз бен Алматы қалаларында әскери техниканың белгісіз бағытта кетіп бара жатқаны айтылған. Қазақстандықтар арасында қызу талқыға түскен ақпарат туралы Қорғаныс министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап. 

әскери

Министрлік мәліметіне сүйенсек, әскерилерді халықаралық міндеттемелерді орындау үшін жіберу жайлы шешімді Президент ұсынысынан кейін Парламент қабылдайды.

“Қазақстан Республикасы қарулы күштерін бейбітшілікті сақтау бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау үшін жіберу туралы шешімді Президенттің тиісті ұсынысы негізінде Парламент қабылдайды. Қазақстандық әскерилерді Украинаға немесе басқа да елге жіберу ұсынысы келіп түспеді және қарастырылмайды”, – делінген министрлік хабарламасында. 

Сондай-ақ жеке құрамды жаттықтыру, орынын ауыстырумен байланысты әскери дарялығын арттыру шаралары жоспарлы негізде іске асатыны айтылған. 

“Айта кетейік, 25 ақпан мен 3 наурыз аралығында Батыс Қазақстаннан еліміздің оңтүстік бағытында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін темір жол көлігімен әскери техниканы жоспарлы ауыстыру жүзеге асырылып жатқанын хабарлаймыз. Сонымен қатар аталған мерзімде Алматы облысынан Ақтау гарнизоны әскер бөлімін жасақтау үшін әскери автомобиль техникасы жіберілді”, – деді министрліктегілер. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр