Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арнайы техника мен "танк": Ақтау тұрғындарын желіде тараған видео шошытты

Ақтау қаласының тұрғындары арнайы техниканың "Ақтау" сауда ойын-сауық кешеніне жақындап келе жатқан кадрлар бейнеленген видеоларды жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" порталына сілтеме жасап.

танккк

Таралған жазбаға қатысты төтенше жағдайлар департаменті арнайы техникалардың жоспарлы өрт сөндіру жаттығуларына келгенін түсіндірді.

Шара аясында өрт сөндірушілер мен полицейлер кешенге өтетін жолды жауып тастаған.



Сонымен қатар Ақтауда таралған видеоларда сыртқы түрі танкке ұқсайтын көліктің жүргенін көруге болады. Белгілі болғандай, бұл кадрлар 23 ақпан күні 17-ші шағын аудандағы "Family House" тұрғын үй кешенінің маңында түсірілген.

Қалалық әкімдік оның БГМ-21 барлау бұрғылау машинасы екенін түсіндіріп, тұрғындарды тыныштандыруға тырысты.

"Қазіргі уақытта жобалаушы "Астана инженерлік орталығы" ЖШС мен мердігер "Каспиан ГеоСервис" ЖШС геологиялық жұмыстар жүргізуде", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.

Хабарланғандай, бұл жерде 1,2 мың оқушы білім алатын оқу орнының құрылысы жүріп жатыр екен.

Талқылау