Қазақстанда мұғалімдер 25 тамызға дейін вакцинациялануы керек
Премьер-министр Асқар Мамин қазақстандық мұғалімдерге 25 тамызға дейін толық вакцинациядан өту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Вирустың репродуктивтілік индексі – 0,97. Ауруханалардағы орын 53 және реанимациялық бөлімдері 47 пайызға пайызға жүктелген. Вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 6,1 млн адамнан асты, екінші компонент 4,8 млн астам адамға салынды", – дейді Мамин.
Министр оқушылардың қауіпсіздігі үшін мұғалімдер оқу жылы басталмас бұрын вакцинациялануы қажет екендігін жеткізді.
"Оқу жылына дайындық аясында мұғалімдерге вакцина салуды 25 тамызға қарай аяқтап, оқу орындарының дайындығын бақылауды күшейту қажет", – деді Асқар Мамин.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды