Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ауруханаларда медициналық халаттар жетіспейді: Денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев медициналық халаттардың жетпейтіні туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дәрігерлер

"Біз емханалар мен стационарларға күнделікті мониторинг жүргіземіз жеке қорғаныс құралдары мен дәрі-дәрмектердің болуын тексереміз. Бұл халаттар мен қорғаныс құралдарын жеке қаржыға сатып алу туралы ақпарат жалған. Егер бұл факт расталса, мен шығынның өтелетініне кепілдік беремін. Өткен жылы 20 млрд теңгеге медициналық жабдықтар сатып алынды, оның ішінде 2 МРТ аппараты, 2 томография, 250-ден астам ӨЖЖ аппараты, 150-ге жуық High flow аппараты, 17 медициналық мекемеге медициналық газ жүйесі орнатылды. Барлық емханалар зертханалық диагностикалық қондырғымен жабдықталған. Эндоскопиялық қондырғылар да сатып алынды, өйткені олар коронавируспен ауыратын науқастарға өте қажет. Қосымша медициналық төсек-орындар, мониторлар, шприцтер және науқастарды емдеуге қажетті барлық заттар алынды", – деді Табынбаев.

Сондай-ақ басқарма басшысы соңғы екі жылда жергілікті атқарушы органдар тарапынан коронавируспен күреске қомақты қаражат бөлінгенін алға тартты. Оның сөзінше, жедел жәрдем қызметі мен перзентханалардың материалдық-техникалық базасы нығайтылған.

“Жедел медициналық көмек пен диагностикаға 130 жаңа көлік сатып алынды. Алматыдағы инфекциялық ауруханалардың жабдықталуы 98%-ды құрайды. Біз инфекциялық стационарлар ретінде педагогикалық колледждің жаңа жатақханасын, С.Асфендияров атындағы медициналық университеттің жатақханасын, сондай-ақ "Халық арена" ғимаратын пайдаланамыз", – дейді ол.

Талқылау