Алексей Цой соңғы үш аптада эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келе жатқанын айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында елде соңғы аптада эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Соңғы үш аптада Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Аптасына 53 мың адам вирус жұқтыруда. 1 тамыздан бастап коронавирустың таралу индексі 14 пайызға төмендеді. Ақтөбе, Қызылорда, Алматы облыстарында төсек орын санынының толымдылығы жоғары”, – дейді Цой.
Сонымен қатар министр әлемдегі жағдаймен елдегі жағдайды салыстырды.
“Өткен аптада коронавирустың өршуі Әзербайжанда байқалды. Онда бір апта ішінде ауру 131%, Израильде – 63%, Жапонияда – 21% өсті. Қазақстанда апталық өсім 2%-ға төмендеді”, – дейді министр.
Еске салсақ, 2021 жылғы 18 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 6 183 445 адам салдырды.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"