Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ит өзге жаралы итті құтқарам деп екі күн бойы пойыз астында жатты (видео)

Украинада ит пойыз астында жатып жаралы итті қорғады. Ол жаралы итпен бірге басын қатерге тігіп пойыз жолында жатты.

Безымянный

Итті Ужгород қаласына жақын жердегі Цегловка стансасынан тапты. Бұл туралы Денис Малафеев есімді желі қолданушысы хабарлады.

Денис достарынан пойыз астында екі күннен бері екі иттің жатқанын естіп сол жерге барады. Пойыз астында жатқан екі иттің бірі жараланған. Ол қимылдап жүре алмайды екен.

Денис осы кезде алыстан пойыз дабылын естиді.

«Мен өзімді жайсыз сезіне бастадым. Машинистің дабылын естіген соң ит жаралы иттің қасына барып екеуі бастарын төмен қойды. Сосын пойыз олардың үстінен өтіп кетті. Олар екі күн бойы осылай істеген. Ит жаралы ит жаурамас үшін екі күн бойы жанында жатып жылытып, өз басын қатерге тігіп пойыз астында жатты. Мұны инстинк, махаббат, достық деуге келе ме, мен білмеймін. Бір білерім адамның бәрі бұлай жасай бермейді. Бұл бізге, адамдарға, үлгі», – деп жазады жас жігіт.

15697205_1203415936406516_7707205456893868670_n

Қазір екі ит жануарлар үйінде. Еріктілер олардың иелерін немесе асырап алам деушілерді іздестіруде.

«Ешнәрсе істемеуге болатын екі күн бар. Бірі: «кеше», бірі «ертең», Сондықтан бүгін көмектесу керек», – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Индонезияда “ниндзя-әке” өз балаларын көліктің астына түсуіне бір секунд қалғанда құтқарып қалды (видео)

Роботқа ғашық болып қалған бойжеткен оған тұрмысқа шыққалы жатыр (фото)

Порноактриса өзін түсірілім кезінде зорлап кеткенін айтып шағымданды

Cәби 41 күн өмір сүрді, бірақ 2 адамның өмірін құтқарды

Талқылау