Абай облысында үш жыл бұрын жоғалған ер адамды өлтірген күдікті түрмеде отырған болып шықты
Абай облысында үш жылдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен ер адамның кісі қолынан қаза тапқаны анықталды. Оны өлтірген күдікті осы уақыт ішінде басқа қылмысы үшін түрмеде жазасын өтеп жүрген. Полицейлер тергеу барысында ер адамның мәйіті жасырылған жерді де анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, 2023 жылғы қыркүйекте полицияға жоғалған күйеуін іздестіруді сұрап әйел адам жүгінген. Ол жұбайы жұмыс істеу үшін басқа жаққа кетіп, байланысқа шықпағанын жеткізген.
“Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгенімен сол уақытта ер адамның жүрген жерін анықтау мүмкін болмады. Соған қарамастан, хабар-ошарсыз кеткен азаматты анықтау жұмыстары тоқтаған жоқ. Полицейлер оқиғаның түрлі нұсқасын мұқият тексеріп, оның жоғалуына қатысы болуы мүмкін адамдарды анықтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізді”, – деді ведомство.
Полицейлер іздеу барысында осы кісі өлтіруге қатысы бар деген күдікпен бір азаматты анықтаған. Ол бұған дейін басқа қылмыс жасап, сол іс бойынша сотталған. Қазір жазасын түрмеде өтеп жатыр.

“Оның ер адамның жоғалуына қатыстылығын тексеру үшін қосымша кешенді жұмыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде күдікті кінәсін мойындап, қылмыстың мән-жайын егжей-тегжейлі баяндады және мәйіт жасырылған жерді көрсетті. Қазіргі уақытта айыптау актісімен бірге қылмыстық іс сотқа жолданды”, – деп қосты ведомство.
Еске салсақ, бұған дейін Теміртау маңынан екі айдан бері іздеуде болған әйелдің бөлшектелген мәйіті табылғанын хабарлаған едік. Қазір әйелдің өліміне онымен бірге тұрған азамат күдікке ілінуде. Бір қызығы ол осы уақытқа дейін әйелді іздестіру жұмыстарына қатысып жүрген.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады