Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индонезияда “ниндзя-әке” өз балаларын көліктің астына түсуіне бір секунд қалғанда құтқарып қалды (видео)

Индонезияда әкесі автокөліктің астына түсе жаздаған екі бірдей кішкентай баласын құтқарып қалды.

photo_203494

Бейнебақылау камерасына түсірілген видеоны Anwar Sutanto Chen есімді азамат Facebook-тегі парақшасына 22 желтоқсан күні жүктеген.

Бір тәуліктің ішінде видеороликті бес миллионнан аса адам тамашалап үлгерген.

Кадрға мотоциклін жөндеп отырған ер адам мен жақын маңда ойнап жүрген екі баласы түсіп қалған. Бір сәтте әкесі артына бұрылып қарап, сол сәтте балаларына қарай ұмтылды. Ақырғы секундта ол екі бүлдіршінін автокөлік соққысынан құтқарып қалды.

191edc9c5ed52f648bfc1b3cc02feb99

Желі қолданушылары ер азаматтың тез арада іске кірісіп, батылдық танытқанына қайран қалды. Көпшілік екі сәбиін құтқарған әкені ниндзя тасбақасымен салыстырды. Олар мұндай жағдайды бұрынырақта тек кинофильмнен көргендерін алға тартты.

Аталған видео Индонезия телеарнасынан көрсетілгеннен кейін ер адам халық арасында танымал бола шыққан.

Жіберіп алмаңыз:

Мектеп оқушылары ұстаздарымен бірге шешініп тастап бүкіл әлемді шошытты

Роботқа ғашық болып қалған бойжеткен оған тұрмысқа шыққалы жатыр (фото)

Порноактриса өзін түсірілім кезінде зорлап кеткенін айтып шағымданды

Cәби 41 күн өмір сүрді, бірақ 2 адамның өмірін құтқарды

Талқылау