Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Cәби 41 күн өмір сүрді, бірақ 2 адамның өмірін құтқарды

Теодор Омондидің ата-анасы ұлдарының небәрі 41 күн өмір сүргенін, алайда 2 адамның өмірін құтқарғанын айтып берді. Бүгінде олар ұлының ішкі ағзаларының екі бірдей жанның тәнінде «өмір сүріп» жатқанына қуанышты екендерін айтты.

_93059144_mediaitem93059143

Теодор Омонди аяқ астынан ауыр науқасқа шалдығып, көз жұмды. Оның өкпесі өзінен бес айға үлкен Имоджен Болтонды құтқарды, деп жазды BBC NEWS.

Имодженге ота Лондон қаласында жасалды. Операция жеті сағатқа созылды.

_93059799_mediaitem93059798

«Теоны мақтан тұтамыз. Егер ол ер жетіп, өзі сөйлей алатын жағдайға жеткен жағдайда басқаларға көмектесуді қалар еді деп ойлаймыз. Тео Имодженға ғана емес, бүйрегінде ақауы бар ересек тағы бір адамды құтқарды», – дейді ата-анасы.

«Имодженнің әрбір тынысы біздің ұлымыздың тыныс алғанымен бірдей. Имодженнің әрбір туған күнінде біз Теоның туған күнін тойлайтын боламыз», – деп жалғады сөзін ұлынан айырылған ата-ана.

Имодженнің өкпесі дұрыс қалыптаспаған. Оның кеудесіне жасалған ота сәтті өткеннен кейін баланың жағдайы жақсара түскен.

«Теоның отбасына рахметімізді айту үшін сөз таба алмай тұрмыз. Біздің Имодженнің өмірін сақтап қалғаны үшін оларға алғысымыз шексіз. оларсыз қазір қасымызда Имоджен де болмас еді», – дейді Имодженнің ата-анасы Хейли мен Джейсон Болтон.

Жіберіп алмаңыз:

Айықпас дертке шалдыққан күйеужігіт үйленгеннен кейін 36 сағаттан соң көз жұмды (видео)

Әйелі секспен айналысудан бас тартқан күйеуінің мүшесін кесіп тастады

Әкесі Рождество мейрамына сый ретінде қызының төсін үлкейтіп берді

Ит 2 жасар қызды құтқару үшін өзі улы жыланның құрбанына айналды (фото)

Талқылау