Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ит 2 жасар қызды құтқару үшін өзі улы жыланның құрбанына айналды (фото)

Мак деген лақап аты бар ит өзінің кішкентай қожайынын улы жыланнан қорғап қалды.

2aeb0677-1add-4c1a-9d06-ff0dd2030911

Фото: AFP/EAST NEWS

Өкінішке қарай, кішкентай баланы жыланнан қорғаймын деген ит өзі қауіпті бауырымен жорғалаушының құрбаны болған.

9c220e21-fe76-4cb1-84a2-13d7559ee2d5

Қазір енді ол өз өмірі үшін күресіп жатыр. Макпен бірге оны жақсы көретін отбасы да қасында.

2 жасар қыз ауладағы батут үстінде секіріп ойнап жүрген. Ал қауіпті жылан одан небәрі 2 метр қашықтықта ғана болыпты. Ит кішкентай қызды жыланның шабуылынан қорғау үшін, оған қарай секіріп шайқасып кетеді. Тіпті өлтіреді де. Бірақ, жылан да итті бірнеше рет тістеп үлгеріпті.

Карменнің анасы Шоудың айтуынша, ол ыдыс жуатын машинаны қайта қосып сыртқа шыққан кезде иттің ауызынан көбік ағып, тыныс алмай жатқан. Күйеуі екеуі оны бірден ветеринарға алып барады.

5035bd8f-807e-4a7c-9684-f3598ee1c847

Ал итке шабуыл жасаған ұзындығы екі метр болатын алып жыланды көрген кезде Шоу ханым есеңгіреп қалған. Бірақ, улы жылан ол кезде өліп жатқан болатын.

dd43c597-0931-40e8-b947-eb9340ccafef

Мак ауруханадан келгеннен кейін қазір үйінде ем қабылдап жатыр. Ол біртіндеп жағдайын қалпына келтіруде. Оның әсіресе бүйректері қатты зақымданыпты.

06a7a9bc-768b-441a-9bb6-706c00fca1ea

Джоның айтуынша, Мак бүйрегінен қатты жарақат алып, жағдайы нашарлап кеткен. Итті емдеу тым қымбатқа түсіп жатыр екен. Шамамен оның емі үшін 6000 доллардай жұмсалған. Мұншама ақшаны қалай төлеймін деп Джоның әбден басы қатқан.

e4cf92fa-12b1-439c-8672-150686caa83f

Ақыры отбасы иттің емін төлеу үшін өздерінің қымбат заты 1968 жылғы Holden HK Kingswood sedan-ды сатылымға қойған. Фейсбуктегі бейтаныс адамдар олар жариялаған хабарламаны оқығаннан кейін итті де, машинаны да жоғалтпау керек деп, әлеуметтік желіден парақша ашып, сол жерде ақша жинауға кеңес береді. Қазірдің өзінде олар үшін 4105 доллар ақша жиналыпты.

0380b573-e897-4e59-9f51-e8cb52691bc5

“Австралияның түкпір-түкпірінен мүлде таныс емес адамдардың осыншама ақшаны жинап, жылы сөздерімен рухани демеу көрсеткені біз үшін өте жағымды”, – дейді Мактың қожайыны Шоу.

Оқи отырыңыз:

Оқушы жігіттер мұғаліміне өздерінің ұрығы қосылған бәліш берген

71 жастағы қарт 150 қасқырмен бірге тау арасында тұрып жатыр (фото)

Студент банк қателесіп аударған $4,6 миллионды толықтай құртып жіберген (фото)

Мауглидің шынайы өмірі: пілді аға, қабыланды дос тұтқан бүлдіршіннің таңғажайып оқиғасы (фото)

Талқылау