Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айықпас дертке шалдыққан күйеужігіт үйленгеннен кейін 36 сағаттан соң көз жұмды (видео)

АҚШ-тың Техас штатындағы әулие Антония ауруханасының мейірбикелері науқастардың бірі Рауль Тинидің жақын арада өмірмен қош айтысатынын түсінген кезде оның соңғы қалауын орындауға бел буған. Рауль өзі бірнеше жыл бойы кездесіп жүрген сүйіктісі Ивонна Ламасқа үйленгісі келген.

https-%2F%2Fblueprint-api-production.s3.amazonaws.com%2Fuploads%2Fcard%2Fimage%2F321048%2F0d8a5fc9-a4d5-4746-95c4-3b28666fec68

Аурухана қызметкерлері тез арада жұптың үйлену тойын ұйымдастырып жіберді. Ал арманына қол жеткізген күйеужігіт арада 36 сағат өткеннен кейін бақилыққа аттанды, деп жазды Mashable.

33 жастағы Рауль Тини 2012 жылы созылмалы лимфолейкоз ауруына шалдыққан. Одан бөлек, жігіттің тамағы мен өкпесіне зең инфекциясы түсіп кеткен.

Болашақ жұбайлар өздерінің тойларына ақша жинап жүрді. алайда Раульдің ауруына байланысты ол қаражат ем-домға жұмсалып, неке қияр кейінге қалдырылған еді.

https-2F2Fblueprint-api-production

«Маған ертегідегідей той жасап беру үшін ол бәріне де дайын болды. Барынша ақшаны үнемдеп ұстады, бірақ ақырында лейкемия ауруына шалдықты», – деді Ивонна CNN-ге берген сұхбатында.

Жұптың жақын досы Доминго Родригес Facebook-тегі парақшасында неке қию рәсімінен видео жариялады.

Рауль 3 жылдан бері обыр дертімен күресіп келген. Ал 6 аптадай уақыт бұрын ол ауруханаға түсті.

Родригес қайырымды жандарды Ламас пен оның 9 жасар ұлына көмектесуге шақырды.

«Ақшаны Ивонна мен оның ұлы үшін жинап жатырмын. Жиналған сомаға олар коммуналдық төлем ақысы мен газдың ақшасын төлейді. Меніңше, адамдар бір бірлеріне көмектесуі керек. Ал бұл жеткіншек біздің көмегімізге зәру. Жасаған игі істеріңіз үшін алдын ала рахмет айтқым келеді. Өтінемін, бұл отбасы үшін дұға етуден шаршамаңыздар»», – деп жазды ол.

Ламастың бір ұлдан бөлек, үш қызы бар. Рауль оларға өз перзенттеріндей қараған.

«Ол өте мейірімді, қамқор әке бола білді. Қиын кезеңде балаларыма қолдау көрсетті», – дейді әйел.

Неке қию рәсіміне жұптың ұлы, туыстары мен достары қатысты. Жұбайлар той киімін киді, мерекеге сай торт пен шампан дастарханнан табылды.

https-%2F%2Fblueprint-api-production.s3.amazonaws.com%2Fuploads%2Fcard%2Fimage%2F321052%2F04f73cea-adac-4f84-9b35-ebc2ee7c8672

Жіберіп алмаңыз:

Ақылды әйел ерінен талап етпейтін 7 нәрсе

Жер бетіндегі сіз көрмеген таңғажайып 20 мекен (фото)

Ерлі-зайыптылардың опасыздығы. Қай елде қандай жаза қолданылды?

Қытайда қалыңдығы семіз жігіт той көйлегін өзі киді (фото)

Талқылау