Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да ер адам Instagram-да әйелінің постына лүпіл басқан досын пышақтап кеткен

 
адамның қолында телефон
Фото: depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында ер адам әйелінің Instagram-ға салған постына лүпіл басқан досын пышақтап тастады. Сот шешімімен ер адам 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 2026 жылдың 10 мамырында болған. Түнгі 02:00-лердің шамасында жанжал шығып, салдарынан ер адам өзінің досының қуық тұсынан екі рет және жауырын тұсынан бір рет пышақ сұққан. Оқиғадан кейін қылмыскер ізін суытқан. Сот кезінде айыпталушы өзінің кінәсін мойындап, жәбірленуші тараптан кешірім сұрап, соттан оның бас бостандығынан шектемеуді сұраған. Алайда сот оның өтінішін қабылдамай, 3 жыл бас бостандығынан айырды.

“Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сот сотталушыны Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 106-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – деп жазды БҚО соты.

Сондай-ақ БҚО соты ер адамға 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленді. Пробацияның ішіне мыналар кіреді:

  • Тұрақты тұрғылықты жерін және жұмыс орнын өзгертпеу;
  • Алкогольдік ішімдіктер сатылатын қоғамдық орындарға (кафелерге, барларға, мейрамханаларға) бармау;
  • Пробация қызметін хабардар етпей тұрақты тұрғылықты жерінен басқа елді мекендерге шықпау;
  • Түнгі уақытта, яғни сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін үйінде болу;
  • Қасақана құқық бұзушылықтар жасамау.

 

Сот үкімі заңды түрде өз күшіне енді. 

Еске сала кетейік, Астана қаласында ер адам өзінің бұрынғы әйелін 16 рет пышақтаған еді. Жақындарының айтуынша, әйел өз өміріне қастандық жасағаны үшін бұрынғы күйеуінің үстінен екі рет арыз жазғанымен, ол әлі де бостандықта жүрген. Әйел бұған дейін де әлгі адамның өзін өлтірмек болғанын айтқан.

Ислам Әден
Бейсенбі, 01 Қазан, 2026 14:34