Атырауда экстремистік топ құрып, терроризмді насихаттады деген күдікпен 10 адам ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау қаласында сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде бір мезгілде 10 адамды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ұсталғандар экстремистік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу, сондай-ақ терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздырды деген күдікке ілінді.
“Қылмыстық топ мүшелері Қазақстанның батыс өңірінде конституциялық құрылыс негіздерін күшпен өзгерту мақсатын көздеген. Фигуранттардың тұрғылықты жерлерінде жүргізілген тінту барысында атыс қаруы, есірткі, діни атрибутика, әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді”, – делінген тергеу нұсқасында.

Сондай-ақ күдіктілер құрған балалар мен жасөспірімдерге арналған 3 жасырын оқу орталығының қызметі тоқтатылды.

Белгілі болғандай топтың бірқатар мүшесі бұған дейін террористік және жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотталған.
Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғындары дін туралы ақпаратты қайдан алатыны туралы материал дайындаған едік. Дінтанушы Әл-Фараби Болатжанның айтуынша, діни сауаттың төмен болуы мен тексерілмеген дереккөздерге сүйену адамды радикалды көзқарастарға итермелеуі ықтимал.
"Бір бала жансақтау бөлімінде": Ташкентке жарысқа барған 16 бала таңғы астан уланып ауруханаға түсті
Балалардың жағдайы қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін нашарлаған
Қазақстанды дүр сілкіндірген теракт: Жалғыз адам екі сағатта қалай бірнеше адамның өмірін қиды
2011 жылы 12 қарашадағы шабуыл аяқ астынан болмады