Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе лифтінде көз жұмған тележүргізушінің күйеуі: Қызым анасын сұрамайды

Қайыржан мен Айзат 4 жыл некеде болған. Қайғылы оқиға болған үйге өткен жылы көшіп келіп, жалдамалы пәтерде тұрған. Мамыр айында қоныс тойын тойлауға ниеттенген. Қазір Қайыржан анасының өлімін өз көзімен көрген қызының жағдайына алаңдаулы, деп хабарлады КТК арнасы.

Айтуынша, кішкентай болғанына қарамастан, бала анасының сұмдық жағдайға ұшырағанын біледі. 3 жасар Іңкәр қайғылы оқиға орын алған күнді жиі еске алады.

“Бірінші күні өте ауыр болды. Одан кейін еске алып тұрады. Анам қысылып қалды, дейді. Анам құлап қалды, кейін мен жыладым дейді. Үш жасар қыздың сөзі осы. Бірақ анасын сұрамайды. Бәрібір бала да сезетін сияқты. Болған оқиға қаз қалпында көз алдында қалған”, – дейді Қайыржан Ерқасымов.

Қазіргі таңда отбасы лифттің не себепті істен шыққанын анықтау үшін сараптама нәтижесін күтіп отыр. Сұм оқиғадан кейін облыс басшысының тапсырмасымен, қаладағы барлық лифтілер тексеріліп жатыр.

Еске сала кетейік, оқиға 4 сәуір күні кешке орын алған. Лифттің есігі толық ашылмастан, үш жасар қыз оның ішіне кіріп кеткен. Анасы қызының артынан кірмек болғанда есік жабылған. Айзат оқиға орнында көз жұмды.

Оқи отырыңыз: 

Сал ауруына шалдыққан 12 жасар қыз “Балапан” арнасының жүргізушісі атанды (видео)

Басы дауға қалған Мұхтар Шаханов: Шындықты айтқаным үшін кешірім сұраймын

Тараз жұрты дәстүрлі әнші Аяз Бетбаевты ақтық сапарға шығарып салды

ОҚО-да биылдыққа төртінші үшем дүниеге келді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр