Соңғы жаңалықтар

Тараз жұрты дәстүрлі әнші Аяз Бетбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Қазақ өнері орны толмас қайғыға душар болды. Белгілі әнші, термеші Аяз Бетбаев 77 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бар саналы ғұмырын төл өнерді дәріптеуге арнаған дара тұлғаның жүрегі 8-ші сәуірдің түнінде тоқтаған. Бүгін марқұмды туған-туыстары ақтық сапарға шығарып салды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Аяз Бетбаев

Өнерге жан-тәнімен берілген Аяз Бетбаевқа жұрт «Кие қонған» дейді. Себебі, балалық шағында түсіне аян болып кірген Жамбыл Жамабев оған өз домбырасын беріп, оның келешекте әйгілі термеші болатынын айтқан екен. Аяз Бетбаев 16 жасында Кенен Әзірбаевтың батасын алып, сол сәттен бастап шәкірті болған. Тіпті оған ұстазы Кененнің 90 жас торқалы тойын ашып беру бағы бұйырған.

Аяз Бетбаевты көпшілік термеші деп таниды. Бірақ ол – сан қырлы өнер иесі. Ол – ақын, сазгер, жыршы және орындаушы. Марқұмның “Ақ қайың”, “Сағыныш”, “Махаббат жұлдызы”, “Жұлынған гүл”  сынды әндері ел арасында кең тараған. «Жетісу әуендері» күй жинағы мен «Шу толқындары» кітабы да жарық көрген болатын.

«Аязға деген халықтың құрметі, елдің  ілтипаты, сағынышы енді басталады. Омар Хаямды аяздан артық жырлаған адам жоқ», – дейді ҚР еңбек сіңірген әртісі Асқарбек Сейілхан.

Аяз Бетбаев ескі жыр-термені бүгінгі ұрпаққа жеткізуші, бір сөзбен айтқанда, насихаттаушы болды. Ол Омар Хаям, Сүйінбай, Жамбыл, Кенен сынды жыр алыптарының құнды мұрасын өзінің ерекше мақамында дәріптеген.

«Ең соңғы сапарында, 3-4 күн бұрын мен ол кісінің алдына кіріп шықтым. Сол кезде маған берген аманаты осы.Қалған кейінгі ұрпаққа жеткізетін жырың да, әнің де сенің мойыңда. Маңдайымен сүйіп, артық кетсем кешір деп, бір-бірімізден кешірім сұрап екеуіміз қош айтыстық», – дейді ҚР мәдениет қайраткері Бейбіт Шошабаев.

Жыраулықтың соңғы тұяғы атанған Аяз Бетбаев – Шу өңірінің тумасы. Соңғы уақытта оның жүрегі сыр беріп жүрген. Ақыры, сол ауруынан айыға алмай, жарық дүниемен қош айтысты. Ал, бүгін марқұмның денесі жер қойнына тапсырылды. Ол екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген. Қазір немерелері мен жиендері өсіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Ақмола облысында танымал асабаның өліміне туған бөлесі айыпталып жатыр

Қазақ сарбаздарын Ливанға жіберудің артында кім тұр?

Оралда ломбардқа қарақшылық шабуыл жасаған тонаушы қамауға алынды

Ақмола облысында ауыл тұрғыны полиция қызметкерін пышақпен жарақаттады

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр